Печать

 

№7 Хромтау мектеп-гимназиясынан «ББЖМ»-ға 4 –сыныптардан — 54 оқушы (ЕБҚ 1 оқушы, үйден оқытылатын 1 оқушы денсаулық жағдайына байланысты босатылды, жалпы 4 сыныптар контингенті 56 оқушы), 9-сыныптан - 59 оқушы тест тапсырады. Оның ішінде 4-сыныптан 18 үздік, 15 оқу екпіндісі бар. Ал 9-сыныпта 2 үздік аттестатқа үміткер, 3 оқу озаты, 18 оқу екпіндісі бар.
Дайындық жұмыстарын күшейту мақсатында қосымша сабақ кестесі жасалынды. Оқушылар үшін әр пәннен апта бойы екі сағаттан дайындық жұмыстары жүргізіліп отыр. Оқушылардың білімдерін жетілдіріп, оқу сапасын арттыру үшін тест жұмыстары алынып, талданып және түзету жұмыстары жасалынды.

WhatsApp Image 2024 02 21 at 084424WhatsApp Image 2024 02 21 at 084424 1WhatsApp Image 2024 02 21 at 084425WhatsApp Image 2024 02 21 at 084425 1WhatsApp Image 2024 02 21 at 084425 2WhatsApp Image 2024 02 21 at 084425 3WhatsApp Image 2024 02 21 at 084426 1WhatsApp Image 2024 02 21 at 084427
2024 жылдың 19 ақпанынан бастап сынама тестілеу жұмыстары «Bilim Land» ЖШС-мен жүргізіліп отыр. Тестілеуді оқушылар айына 3 рет ғана тапсыруға мүмкіндігі бар.

«Сартай батыр-жау жүрек мың бала» атты онлайн жобалар байқауы

2024 жылдың 16 ақпаны күні «Сартай батыр-жау жүрек мың бала» атты онлайн жобалар байқауының қашықтан (сырттай) өткен облыстық кезең қорытындысы бойынша 8 класс оқушысы Нұрғали Мөлдір жүлделі ІІІ-орын иеленсе, 10 класс оқушысы Жақсымұрат Нұртілек сертификат иеленді. Облыстық кезеңде жүлдегер атанған оқушылармен жетекшілерін жеңістерімен құттықтаймыз. Жетекшілері Есжанова С.З, Хамит Д.А.

WhatsApp Image 2024 02 21 at 084334WhatsApp Image 2024 02 21 at 084335

"Аудандық олимпиада"
Олимпиада кезінде Академиялық адалдық қағидаларын сақтау мақсатында мүдделі емес үшінші тұлғалар шақырылып, олимпиаданың өту барысы бақылануда.
Білім бәйгесіне мектебімізден математика, физика, география, информатика, химия, биология, қазақ тілі мен әдебиеті, қазақ тілінде оқытатын мектептердегі орыс тілі, ағылшын тілі, Қазақстан тарихы пәндері бойынша 19 оқушы қатыстырылды.
Аудандық кезең нәтижесі бойынша ;
1.Қыдырбеков Дархан 7класс оқушысы ІІІ-орын математика (Искендирова С.К)
2.Ерсаев Ерасыл 7 класс оқушысы ІІІ-орын информатика (Жақсыкелдина Т.М)
3.Ахметолла Нұршайым 7 класс оқушысы физика Мақтау қағазы (Бағланбаева Г.М)
4.Жасағанберген Аман 8 класс оқушысы информатика ІІ-орын (Бактыбаева Д.К)
5.Мырзахан Айсұлу 8 класс оқушысы биология ІІІ-орын (Жекеева А.Ш)
6.Төлебай Назым 8 класс оқушысы математика Алғыс хат (Қамысбай А.Р)
Аудандық кезеңде жүлдегер атанған оқушылар мен жетекшілерін жеңістерімен құттықтаймыз.

WhatsApp Image 2024 02 15 at 110028WhatsApp Image 2024 02 15 at 110028 1WhatsApp Image 2024 02 15 at 110029WhatsApp Image 2024 02 15 at 110029 1WhatsApp Image 2024 02 15 at 110029 2WhatsApp Image 2024 02 15 at 110030WhatsApp Image 2024 02 15 at 110030 1

«Шежірелі өлкемнің тарландары» тақырыбындағы облыстық зерттеу шығармалары және мақала байқауы

2024 жылғы 9 ақпанда жалпы білім беретін мектептердің 7-11 класс оқушылары арасында «Шежірелі өлкемнің тарландары» тақырыбындағы облыстық зерттеу шығармалары және мақала байқауының сырттай (қашықтықтан) өткізілді.
Аталған байқауға мектебімізден 3 (Нұрғали Мөлдір, Арингазина Динара, Мергенова Айым) жұмыс қатыстырылып, қазылар алқасының шешімі негізінде сертификат иеленді. Жетекшілері тарих пәнінің мұғалімдері Тургумбаева А. М, Жетесов Н. А, Есжанова С.З.

WhatsApp Image 2024 02 12 at 091754

«Туған ауылым-мақтанышым» аты облыстық эссе

2024 жылғы 7 ақпанда «Ақтөбе-Дарын» өңірлік ғылыми-тәжірибелік қосымша білім беру орталығының ұйымдастыруымен аудандық білім бөлімдеріне қарасты 7-8 класс оқушыларына арналған «Туған ауылым-мақтанышым» аты облыстық сырттай эссе байқауы өткізілді.
Аталған байқауға 7 класс оқушысы Мұхамбетжан Ералының жұмысы қатыстырылып, жүлделі ІІІ-орын иеленді. Жетекшісі қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Жанұзақова Торғын Зағитқызы.

WhatsApp Image 2024 02 12 at 091725

«ШЕЖІРЕЛІ ӨЛКЕМНІҢ ТАРЛАНДАРЫ» АТТЫ АУДАНДЫҚ ЗЕРТТЕУ ШЫҒАРМАЛАРЫ МЕН МАҚАЛА СЫРТТАЙ БАЙҚАУЫ

Хромтау ауданының білім бөлімінің ұйымдастыруымен 2024 жылғы 05 ақпанда «Шежірелі өлкемнің тарландары» атты сырттай (қашықтан) аудандық зерттеу шығармалары мен мақала байқауы өтті. Байқау мақсаты-оқушылардың туған өлкесінде тұратын ел мақтаныштарына айналған, өзгелерге үлгі бола білетін қадірлі тұлғаларды көпшілікке таныстыру. Байқауға мектебімізден 3 (Нұрғали Мөлдір, Арингазина Динара, Мергенова Айым) оқушымыздың жұмыстары қатыстырылды. Байқау нәтижесі бойынша аудандық кезеңде 8 класс оқушысы Нұрғали Мөлдір мен 10 класс оқушысы Арингазина Динара жүлделі І-орын алса, 10 класс оқушысы Мергенова Айым жүлделі ІІ-орын иеленіп 3 оқушымыздың жұмыстары 2024 жылдың 09 ақпанында өтетін облыстық кезеңге жолдама алды. Облыстық кезеңге жолдама алған оқушылар мен жетекшілерін жеңістерімен құттықтап, сәттілік тілейміз. Жетекшілері тарих пәнінің мұғалімдері Тургумбаева А. М, Жетесов Н. А, Есжанова С. З.

WhatsApp Image 2024 02 06 at 153204WhatsApp Image 2024 02 06 at 153204 1

ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРЕТІН ОРТА МЕКТЕПТЕРДІҢ 5-6 КЛАСС ОҚУШЫЛАРЫНА АРНАЛҒАН ПӘНДІК ОЛИМПИАДА ҚОРЫТЫНДЫСЫ

Хромтау ауданының білім бөлімінің ұйымдастыруымен 2024 жылғы 02 ақпан күні №4 Хромтау орта мектебінің базасында жалпы білім беретін мектептердің 5-6 класс оқушылары арасында Республикалық олимпиаданың математика, жаратылыстану, қазақ тілі мен әдебиеті, қазақ тілінде оқытатын мектептердегі орыс тілі, ағылшын тілі, Қазақстан тарихы пәндері бойынша аудандық кезеңге мектебімізден 12 оқушы қатыстырылды. Аудандық кезең нәтижесі бойынша төмендегідей көрсеткіштер көрсетті.
Мырзахан Айсұлтан-6 класс оқушысы І-орын, математика;
Дәулет Нұрәли - 6 класс оқушысы І-орын, Қазақстан тарихы;
Сермаганбет Аяулым - 6 класс оқушысы ІІ-орын, жаратылыстану;
Самратұлы Нұрдәулет- 6 класс оқушысы ІІІ-орын, қазақ тілі мен әдебиеті.
Аудандық кезеңде жақсы нәтиже көрсетіп, жүлделі орын алған және облыстық кезеңге жолдама алған оқушылармен жетекшілерін жеңістерімен құттықтаймыз. Жетекшілері Әлім А. Д, Есжанова С. З, Мусина А.Н, Жанұзақова Т. З.

WhatsApp Image 2024 02 06 at 153150WhatsApp Image 2024 02 06 at 153150 1WhatsApp Image 2024 02 06 at 153150 2WhatsApp Image 2024 02 06 at 153151WhatsApp Image 2024 02 06 at 153154

"Бастау"

2024 жылғы 22 қаңтар күні бастауыш сынып оқушылары арасында Республикалық "Бастау" математикалық құрама топтық олимпиадасының мектепішілік кезеңі өткізілді. Мектепішілік кезеңге 7 оқушы қатыстырылды. Байқау нәтижесі бойынша жоғары көрсеткіш көрсетіп Керей Мади, Диканбаев Арлан, Мырзахан Әділжан 2024 жылғы 24 қаңтарда өтетін аудандық кезеңге "Барыс" командасы болып мектеп намысын қорғайтын болады. Аудандық кезеңге қатысатын оқушыларға сәттілік тілейміз. Жетекшілері бастауыш сынып мұғалімдері Есмурзина Л.С, Исмагамбетова Ж.У, Абдуллина Б.А, Рскалиева Г.М, Қалиева А.Х, Краубаева Т.Т.

WhatsApp Image 2024 01 22 at 095233WhatsApp Image 2024 01 22 at 095233 1WhatsApp Image 2024 01 22 at 095234

Республикалық олимпиаданың үшінші (облыстық) кезеңі

2024 жылғы 04-06 қаңтар аралығында жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың үшінші (облыстық) кезеңіне Қазақстан тарихы пәні бойынша мектебіміздің 9 класс оқушысы Айтуған Аяна Рустамқызына қатыстырылды. Екі кезеңнен өткен байқау қорытындысы бойынша 9 класс оқушысы Айтуған Аяна Рустамқызы Қазақстан тарихы пәні бойынша жүлделі І-орын иеленді. Оқушымызды жеңісімен шын жүректен құттықтаймыз. Жетекшісі тарих пәнінің мұғалімі Биржанов Рустам Айтуганович.

WhatsApp Image 2024 01 08 at 110523WhatsApp Image 2024 01 08 at 110524

БӘСЕКЕГЕ БЕЙІМ БІЛІМ ОРДАСЫ-№7 ХРОМТАУ МЕКТЕП-ГИМНАЗИЯСЫНДА 2023 ЖЫЛЫ АТҚАРЫЛҒАН ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ ЕСЕБІ

2023 жылы атқарылған жұмыстар есебі төмендегідей бағыттарды қамтиды:
🔰Оқу-тәрбие бойынша атқарылған жұмыстар;
🔰Біртұтас тәрбие бағдарламасын іске асыру;
🔰Дарынды оқушылармен жұмыс;
🔰Мұғалімдердің жетістігі;
🔰Оқушылар, ата-аналарды, ұстаздарды психологиялық қолдау;
🔰Оқушылардың әлеуметтенуіне ықпал ету;

2023 жылда жеткен жетістіктер мен атқарылған жұмыстарға, жетілдіруді қажет ететін тұстарды ескере отырып, 2024 жылға нақты мақсат-міндеттер айқындалды.

WhatsApp Image 2024 01 04 at 150938WhatsApp Image 2024 01 04 at 150942WhatsApp Image 2024 01 04 at 150942 1WhatsApp Image 2024 01 04 at 150942 2WhatsApp Image 2024 01 04 at 150943WhatsApp Image 2024 01 04 at 150943 1WhatsApp Image 2024 01 04 at 150943 2WhatsApp Image 2024 01 04 at 150943 3WhatsApp Image 2024 01 04 at 150944WhatsApp Image 2024 01 04 at 150944 1WhatsApp Image 2024 01 04 at 150944 2WhatsApp Image 2024 01 04 at 150944 3WhatsApp Image 2024 01 04 at 150944 4WhatsApp Image 2024 01 04 at 150945WhatsApp Image 2024 01 04 at 150945 1

Екінші (аудандық) және үшінші (облыстық) республикалық олимпиадасы

2023 жылғы 19-21 желтоқсан аралығында жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың екінші (аудандық) кезеңі №4Хромтау орта мектебі базасында өткізілді. Олимпиадаға мектебімізден 30 оқушы қатыстырылды. Олимпиада қорытындысы бойынша 9 класс оқушысы Айтуған Аяна (қазақстан тарихы Биржанов Р.А) жүлделі І-орын, 11 класс оқушысы Шәкірбек Шакизат ІІ-орын (қазақ тілі мен әдебиеті Шуиншалина Н) , 11 класс оқушысы Таймухан Аяжан ІІ-орын (орыс тілі Казмагамбетова А.С), 9 класс оқушысы Жаксыгулова Еркеназ (ағылшын тілі Утегенова Г.У) , 9 класс оқушысы Самратқызы Гауhар (қазақ тілі мен әдебиеті Токсамбаева Қ.А) ІІІ-орын, 10 класс оқушысы Жолмурзаев Амирбек (орыс тілі Кабиев С.Н) ІІІ-орын , 10 класс оқушысы Мұхамбетәлі Нұрай (ағылшын тілі Жаксылыкова А.М) ІІІ-орын , 9 класс оқушысы Наурзалин Арсен (физика Тілегенов С.Н) Алғыс хат, 9 клас оқушысы Кайржанова Айсұлу (орыс тілі Кабиев С.Н) Алғыс хат, 11 класс оқушысы Сембайева Арай (қазақстан тарихы Жеесов Н.А) Алғыс хат иеленді.
2024 жылғы 04-05 қаңтар аралығында жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың үшінші (облыстық) кезеңіне Қазақстан тарихы пәні бойынша қатысатын мектебіміздің 9 класс оқушысы Айтуған Аяна Рустамқызына сәттілік тілейміз. Жетекшісі тарих пәнінің мұғалімі Биржанов Рустам Айтуганович.

WhatsApp Image 2024 01 04 at 101919WhatsApp Image 2024 01 04 at 101919 1WhatsApp Image 2024 01 04 at 101919 2WhatsApp Image 2024 01 04 at 101920 1WhatsApp Image 2024 01 04 at 101920 2WhatsApp Image 2024 01 04 at 101921WhatsApp Image 2024 01 04 at 101921 3

«3D модельдеу-қазіргі заман тренді» облыстық жобалар байқауы

ҚР Тәуелсіздік күніне орай «3D модельдеу-қазіргі заман тренді» облыстық жобалар байқауына қатысып, үздік нәтиже көсреткені үшін 9 класс оқушысы Жаксыгулова Еркеназ Ерболатовна ІІІ-дәрежелі дипломмен марапатталады. Жетекшісі информатика пәні мұғалімі Бактыбаева Данила Карымсаковна.

WhatsApp Image 2024 01 04 at 100812

Аудандық кезеңге қатысатын оқушыларға дайындық

Жалпы білім беретін пәндер бойында республикалық пәндік олимпиаданың аудандық кезеңіне мектебімізден 9,10,11 класс оқушыларынан 2023-2024 оқу жылында 30 оқушы қатысатын болады. Аудандық кезең 19-21 желтоқсанда өтеді деп жоспарланған. Пән мұғалімдері оқушыларды сабақтан кейін дайындық жұмыстарын жүргізіп отырады. Аудандық кезеңге қатысатын оқушыларға сәттілік тілейміз.

Жалпы білім беретін пәндер бойында 5-6 класс оқушылары арасында республикалық пәндік олимпиаданың аудандық кезеңіне мектебімізден 5-6 класс оқушыларынан 2023-2024 оқу жылында 12 оқушы қатысатын болады. Аудандық кезең 11-12 желтоқсанда өтеді деп жоспарланған. Пән мұғалімдері оқушыларды сабақтан кейін дайындық жұмыстарын жүргізіп отырады. Аудандық кезеңге қатысатын оқушыларға сәттілік тілейміз.

WhatsApp Image 2023 12 05 at 200454WhatsApp Image 2023 12 05 at 200455WhatsApp Image 2023 12 05 at 200455 1WhatsApp Image 2023 12 05 at 200456WhatsApp Image 2023 12 05 at 200456 1WhatsApp Image 2023 12 05 at 200457 1WhatsApp Image 2023 12 05 at 200458WhatsApp_Image_2023-12-05_at_200458.jpgWhatsApp Image 2023 12 05 at 200744WhatsApp Image 2023 12 05 at 200744 1WhatsApp Image 2023 12 05 at 200457WhatsApp Image 2023 12 05 at 200740WhatsApp Image 2023 12 05 at 200742

"Біргеміз" атты тренинг

2023 жылғы 04 желтоқсан күні жалпы білім беретін пәндер бойында республикалық пәндік олимпиаданың аудандық кезеңіне қатысатын 9,10,11 класс оқушыларымен директордың дарынды балалармен жұмыс жөніндегі орынбасары Махамбетов Қият Инатұлы түсіндірме жұмыстарын жүргізді.Кездесу барысында олимпиаданың аудандық кезеңі ағымдағы жылғы 19-21 желтоқсанда өтетіндігін тілге тиек етті.Сол себепті оқушы, ата-ана, мұғалім үш жақты байланысып дайындық жұмыстарын күшейту керектігіне тоқталды.Кездесу барысында мектеп психологі Каймолдина Майя Есетовна оқушыларға психологиялық қолдау мақсатында Біргеміз атты тренинг өткізді.Тренинг барысында оқушылар бір-біріне сенім білдіріп, алдағы олимпиадаға сәттілік тіледі.Тренинг пен қатар оқушылар психолог тарапынан олимпиадаға дайындығын пысықтау мақсатында сауалнама алынды.Оқушыларымызға олимпиаданың аудандық кезеңіне сәттілік тілейміз.

WhatsApp Image 2023 12 05 at 200435WhatsApp Image 2023 12 05 at 200435 1WhatsApp Image 2023 12 05 at 200436WhatsApp Image 2023 12 05 at 200437WhatsApp Image 2023 12 05 at 200437 1WhatsApp Image 2023 12 05 at 200438WhatsApp_Image_2023-12-05_at_200439.jpgWhatsApp Image 2023 12 05 at 200440WhatsApp Image 2023 12 05 at 200441WhatsApp Image 2023 12 05 at 200442WhatsApp Image 2023 12 05 at 200443

 

«Компьютерлік ғылымдар апталығы»

ҚР ОАМ «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы ҚР БҒМ 2011 жылғы 7 желтоқсандағы №514 бұйрығымен бекітілген іс-шаралар тізбесіне енгізілген Халықаралық «Компьютерлік ғылымдар апталығы» аясында «Қазақстандағы Кол сағаты» акциясын және «FIRST Robotics» робототехника жөніндегі ғылыми жобалардың республикалық конкурсы 2023 жылғы 4-10 желтоқсан аралығында барлық білім беру ұйымдарының 5-11 сынып оқушылары арасында тақырыптық сабақ өткізіліп жатыр.
Іс-шараның мақсаты-оқушылардың ақпараттық технологияларға, соның ішінде қолданбалы бағдарламалауға қызығушылығын арттыру.

WhatsApp Image 2023 12 05 at 143751WhatsApp Image 2023 12 05 at 143751 1

"Дарынды жас ғалым" ғылыми жобалар байқауы

2023 жылғы 19 қазан күні 5Хромтау гимназиясында аудандық білім бөлімінің ұйымдастыруымен "Дарынды жас ғалым" ғылыми жобалар байқауы өтті. Байқау жалпы білім беретін мектептердің 8-10 класс оқушылары арасында география, тарих, құқық пәндері бойынша өткізілді. Байқауға мектебімізден 9 класс оқушылары Айтуған Аяна тарих пәні бойынша " Ғұн-сармат тайпаларының іздері" тақырыбымен жүлделі 3-орын иеленсе, Қайырбай Темірлан "Агроөнеркәсіптік өндірістік қалдықтарын инновациялық технологиялық өңдеу арқылы егіншілікті дамыту" тақырыбымен Мақтау қағазын иеленді.Жетекшілері Биржанов Р.А,      Махамбетов Қ.И.

WhatsApp Image 2023 12 04 at 145555WhatsApp Image 2023 12 04 at 145555 1WhatsApp Image 2023 12 04 at 145556

"Алтын түлек" математикалық олимпиадасының мектепішілік кезеңі

2023 жылғы 20 қазан күні мектебімізде "Зерделі" ақыл-ой дамыту орталығының ұйымдастыруымен 10-11 класс оқушылары арасында "Алтын түлек" математикалық олимпиадасының мектепішілік кезеңі өткізілді.Аталған математикалық олимпиадаға 8 оқушы қатыстырылды. Мектепішілік кезең қорытындысы бойынша аудандық кезеңге 10 класс оқушылары Жақсымұрат Нұртілек, Қуандықова Сағыныш, 11 класс оқушылары Қайырбай Еркебұлан, Жалғас Диас, Амангелді Даниал жоғары ұпай жинап өтті.Жетекшілері математика пәні мұғалімдері Токсамбаева Қ.А, Искендирова С.К. Аудандық кезеңге жолдама алған оқушыларға сәттілік тілейміз.

WhatsApp Image 2023 12 04 at 145528WhatsApp Image 2023 12 04 at 145529WhatsApp Image 2023 12 04 at 145529 1WhatsApp Image 2023 12 04 at 145529 2

"Зерде" атты шығармашылық жобалар мен зерттеу жұмыстары

2023 жылғы 26 қазан күні аудандық білім бөлімінің ұйымдастыруымен Дөң мектеп-гимназиясында жалпы білім беретін мектептердің 2-7 класс оқушылары арасында Республикалық "Зерде" атты шығармашылық жобалар мен зерттеу жұмыстары конкурсының аудандық кезеңі өткізілді. Аудандық кезеңге мектебімізден 10 жоба 11 оқушы қатыстырылды.Байқау қорытындысы бойынша 4 класс оқушысы Шамғон Зере (ағылшын тілі) І-орын, 6 класс оқушысы Самратұлы Нұрдәулет (қазақ тілі мен әдебиеті) І-орын, 5 класс оқушысы Жалғас Айым (Қазақстан тарихы) І-орын, 5 класс оқушысы Арингазина Аяулым (Қазақстан тарихы) ІІ-орын, 4 класс оқушылары Сабыржан Райяна, Тағыберген Аңсар (информатика) ІІ-орын, 6 класс оқушысы Дулатқызы Еркеназ (медицина) ІІ-орын, 6 класс оқушысы Дәулет Нұрали (математика) ІІІ-орын иеленді.Аудандық іріктеу кезеңінен І, ІІ-орын иеленген оқушылар облыстық кезеңге жолдама алды.Оқушыларға облыстық кезеңге сәттілік тілейміз.Жетекшілері Биржанов Р.А, Мусина А.Н, Жанұзақова Т.З, Искендирова С.К, Бактыбаева Д.К, Бртаева Ж.К.

2023 жылғы 20 қазан күні мектебімізде 2-7 класс оқушылары арасында Республикалық "Зерде" шығармашылық жобалар мен зерттеу жұмыстары конкурсының мектепішілік кезеңі өткізілді. Мектепішілік кезеңге 10 жоба жұмыстары қатыстырылды.

WhatsApp Image 2023 12 04 at 145502 1  WhatsApp Image 2023 12 04 at 145502 WhatsApp Image 2023 12 04 at 145501 2 WhatsApp Image 2023 12 04 at 145501 1

"Кішкентай білгірлер"

2023 жылғы 27 қазан күні аудандық білім бөлімінің ұйымдастыруымен Дөң мектеп-гимназиясында білім беру ұйымдарының 4 класс бастауыш оқушылар ы арасында "Кішкентай білгірлер" олимпиадасының аудандық кезеңі өткізілді.Олимпиада 4 кезең бойынша өтті. Аудандық кезеңге мектебімізден "Білгірлер" және "Звезда" топтары қатыстырылды.Байқау қорытындысы бойынша орыс тілді құрама топтар арасында "Звезда" тобы Алғыс хатпен, қазақ тілді құрама топтар арасында "Білгірлер" тобы жүлделі ІІ-орын иеленді.Жетекшілері бастауыш сынып мұғалімдері Есмурзина Л.С, Ахметова А.А.

WhatsApp Image 2023 12 04 at 145235

"Махамбет оқулары"

2023 жылдың 06 қараша күні №3 Хромтау орта мектебінің базасында аудандық білім бөлімінің ұйымдастыруымен мектеп оқушылары арасында Махамбеттің ұлтына, ұран болған рухы биік туындыларын насихаттау, шығармашылық қабілеттерін, эстетикалық талғамдарын дамыту, тарихи санасы мен танымдарын, бабалардың ерлік рухын сезіндіру арқылы азаматтық тәрбие беру мақсатында "Махамбет оқулары" атты конкурсының аудандық кезеңі өткізілді.Мектебімізден 9 класс оқушысы Тишбаев Ерасыл "Тартынбай сөйлер асылмын" жас ақындар бағыты бойынша өз арнау туындыларын мәнерлеп оқумен қатысып жүлделі ІІ-орын иеленді.Жетекшісі қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Қалмұратов Жомарт Саматұлы.

WhatsApp Image 2023 12 04 at 145138WhatsApp Image 2023 12 04 at 145138 1WhatsApp Image 2023 12 04 at 145139

"Ділмар"

2023 жылғы 08 қараша күні 1Хромтау орта мектебінің базасында аудандық білім бөлімінің ұйымдастыруымен жалпы білім беретін мектептердің 8-11 класс оқушылары арасында Республикалық "Ділмар" шешендік байқауы өткізілді. Байқауға мектебіміздің 11 класс оқушысы Андағұл Ғайша қатыстырылды.Байқау нәтижесі бойынша 11 класс оқушысы Андағұл Ғайша Мақтау қағазымен марапатталды.Жетекшісі қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Хамит Дана Аманбайқызы.

WhatsApp Image 2023 12 04 at 145110WhatsApp Image 2023 12 04 at 145111WhatsApp Image 2023 12 04 at 145111 1

"Республикалық пәндік олимпиадасы"

2023 жылғы 08 қараша күні мектебімізде 5-6 класс оқушылары арасында өтетін Республикалық пәндік олимпиаданың мектепішілік кезеңі өткізілді.Оқушылар математика, жаратылыстану, қазақ тілі мен әдебиеті, Қазақстан тарихы, орыс тілі, ағылшын тілі пәндері бойынша тестілеу тапсырмаларын орындады.Байқау нәтижесі бойынша жүлделі І-орын алған оқушылар аудандық кезеңге қатысатын болады.Аудандық кезеңге қатысатын оқушыларға сәттілік тілейміз.

WhatsApp Image 2023 12 04 at 145048WhatsApp Image 2023 12 04 at 145049WhatsApp Image 2023 12 04 at 145050WhatsApp_Image_2023-12-04_at_145049_1.jpgWhatsApp Image 2023 12 04 at 145050 1WhatsApp Image 2023 12 04 at 145051WhatsApp Image 2023 12 04 at 145052WhatsApp Image 2023 12 04 at 145052 1

"Лингвистикалық олимпиадасы"

2023 жылғы 10 қараша күні аудандық білім бөлімінің ұйымдастыруымен жалпы білім беретін мектептердің 8-11 класс оқушылары арасында Республикалық "Лингвистикалық олимпиадасының" аудандық кезеңі 4Хромтау орта мектебінің базасында өткізілді.Байқауға мектебімізден 4 оқушы қатыстырылды.Байқау қорытындысы бойынша 9 класс оқушысы Жаксыгулова Еркеназ жүлделі ІІ-орын және 10 класс оқушысы Жиенбек Карина ІІІ-орын иеленді.Оқушыларды жеңістерімен құттықтаймыз.

WhatsApp Image 2023 12 04 at 145021WhatsApp Image 2023 12 04 at 145022WhatsApp Image 2023 12 04 at 145022 1WhatsApp Image 2023 12 04 at 145023

"Алтын сақа"

Зерделі ақыл-ой дамыту мектебімен аудандық білім бөлімінің ұйымдастыруымен жалпы білім беретін мектептердің 5-6 класс оқушылары арасында математика пәнінен "Алтын сақа" олимпиадасының аудандық кезеңі 2023 жылғы 17 қараша күні 6Хромтау гимназиясында өткізілді.Аудандық іріктеу кезеңіне мектебімізден 7 оқушы қатыстырылды. Байқау нәтижесі бойынша жоғары ұпай жинап, облыстық кезеңге 5 класс оқушысы Арингазина Аяулым өтсе, Жалғас Айым І-орын, Қоныс Айтқазы ІІІ-орын, 6 кластар бойынша Мырзахан Айсұлтан ІІ-орын, Дәулет Нұрәли ІІ-орын, Жақсылық Айдана ІІІ-орын иеленді.Облыстық кезеңге қатысатын оқушымыз Арингазина Аяулымға сәттілік тілейміз.Жетекшілері математика пәні мұғалімдері Искендирова С.К, Токсамбаева Қ.А, Әлім А.Д, Қамысбай А.Р.

WhatsApp Image 2023 12 04 at 144958WhatsApp Image 2023 12 04 at 144958 1

"Алтын түлек"

2023 жылғы 01 желтоқсан күні 3 Хромтау орта мектебінің базасында аудандық білім бөлімінің ұйымдастыруымен жалпы білім беретін мектептердің 10-11 класс оқушылары арасында республикалық <Алтын түлек> олимпиадасының аудандық кезеңі өткізілді. Олимпиадаға мектебімізден 10-11 класс оқушыларынан 5 оқушы қатыстырылды. Байқау қорытындысы бойынша 11 класс оқушысы Қайырбай Еркебұлан жүлделі ІІ-орын иеленіп облысқа жолдама алса, 10 класс оқушылары Жақсымұрат Нұртілек, Қуандықова Сағыныш жүлделі ІІІ-орын иеленді.Жетекшілері математика пәнінің мұғалімдері Искендирова С.К, Токсамбаева Қ.А. Облыстық кезеңге қатысатын 11 класс оқушысы Қайырбай Еркебұланға сәттілік тілейміз.

WhatsApp Image 2023 12 04 at 144100WhatsApp Image 2023 12 04 at 144100 1WhatsApp Image 2023 12 04 at 144101WhatsApp Image 2023 12 04 at 144101 1

«Пон»

2022 жылғы 25 қазан күні 2-4 бастауыш сынып оқушыларына арналған «Пон» зияткерлік байқауына 34 оқушы қатысып сертификатталды.

22nov.jpg 23nov.jpg 24nov.jpg

«Алтын сақа»

2022 жылғы 26 қазан күні Республика көлемінде математика бойынша қабілетті балаларды анықтау, олимпиадалық резерв қалыптастыру, математика пәніне деген қызығушылықтарын қалыптастыру мақсатында 5-6 класс оқушылары арасында «Алтын сақа» математикалық олимпиадасының мектепішілік кезеңі өткізілді. Мектепішілік кезең қорытындысы бойынша жоғары нәтиже көрсетіп, аудандық кезеңге жолдама алған оқушылар:

5-сыныптар бойынша
1.Мырзахан Айсұлтан
2.Жақсылық Айдана
3.Серік Мұрагер

6-сыныптар бойынша
1.Алмас Томирис
2.Аманжолов Айсанат
3.Қыдырбеков Дархан

22nov.jpg 23nov.jpg 24nov.jpg

«Тағдырыңды тамырсыздық індетінен қалқала»

2022 жылғы 26 қазан күні аудандық орталықтандырылған кітапхананың ұйымдастыруымен Мұхтар Шахановтың 80 жылдық мерейтойына арналған «Тағдырыңды тамырсыздық індетінен қалқала» көркемсөз оқу шеберлерінің аудандық кезеңіне мектебіміздің 8 класс оқушысы Тишбаев Ерасыл Мақсатұлы қатысып жүлделі ІІІ-орын иеленді. Жетекшісі қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Қалмұратов Ж.С.

20nov.jpg 21nov.jpg

Республикалық лингвистикалық олимпиада

2022 жылғы 20 қазан күні аудандық білім бөлімінің ұйымдастыруымен № 1 Хромтау орта мектебі ғимаратында 8-11 сынып оқушылары арасындағы республикалық лингвистикалық олимпиаданың аудандық іріктеу кезеңі өткізілді. Мектебімізден қатысқан 8-11 сынып оқушылары Жаксыгулова Еркеназ І-орын, Жиенбекова Карина ІІ-орын, Жақсылық Дамира ІІІ-орын, Сәндіғали Сәнгүл ІІ-орын иеленді. Аудандық іріктеу кезеңде жүлделі орын алған оқушылар мен жетекшілерін құттықтай отырып, 2022 жылғы 10 қарашада облыстық кезеңге қатысатын 8 сынып оқушысы Жаксыгулова Еркеназға сәттілік тілейміз

16nov.jpg 17nov.jpg 18nov.jpg

19nov.jpg

«Қалалық жас туристер стансасы» «Туған өлкеге саяхат» 

2022 жылғы қазан айында Халықаралық педагогикалық шығармашылық пен ғылымның дамуын қолдау қоры қоғамдық қоры және «Қалалық жас туристер стансасы» МКҚК қолдауымен Ақтөбе қаласы, Шығармашылық академиясында «Туған өлкеге саяхат» облыстық байқауы өткізілді. Байқауға мектебіміздің 8 класс оқушыларынан құралған «Сармат» тобы қатысып «Сөнбес жұлдыздар» номинациясында жүлделі ІІІ-орын иеленді. Жетекшісі тарих пәнінің мұғалімі Биржанов Р.А.

14nov.jpg 15nov.jpg

«КІШКЕНТАЙ БІЛГІРЛЕР» ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫҚ ОЛИМПИАДАСЫНЫҢ АУДАНДЫҚ КЕЗЕҢІ ӨТТІ

2022 жылғы 21 қазан күні мектепішілік «Кішкентай білгірлер» байқауында «Барыс» тобы жүлделі І-орын алып аудандық кезеңге жолдама алған болатын.
2022 жылғы 31 қазан күні аудандық білім бөлімінің ұйымдастыруымен жалпы білім беретін мектептердің 4 класс оқушылары үшін «Кішкентай білгірлер» интеллектуалдық олимпиадасының аудандық кезеңі өтті. Аталған олимпиада ға ережеге сәйкес мектебіміздің «Барыс» тобы қатыстырылды. Байқау қорытындысына сәйкес «Барыс» тобы жүлделі ІІ-орын иеленді. Жетекшісі бастауыш сынып мұғалімі Дуйсенбина Г.К.

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БАЛАЛАР ОҚУЛАРЫ БАЙҚАУЫНЫҢ ОБЛЫСТЫҚ КЕЗЕҢІ ӨТКІЗІЛДІ

2022 жылғы 14 қазан күні «Ақтөбе-Дарын» өңірлік ғылыми-тәжірибелік қосымша білім беру орталығының ұйымдастыруымен облыстағы білім беретін мектептер арасында республикалық балалар оқулары байқауының облыстық кезеңінде мектебіміздің 4 сынып оқушысы Бекболатқызы Сәнім жүлделі ІІІ-орынға иеленді. Жетекшісі бастауыш сынып мұғалімі Дуйсенбина Гульжайна Картпанбетовнамен жүлдегер оқушымызды жеңістерімен құттықтаймыз.

13nov.jpg

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «АҚБЕРЕН» БАЙҚАУЫНЫҢ АУДАНДЫҚ КЕЗЕҢІ ӨТКІЗІЛДІ

2022 жылғы 12 қазан күні "№ 5 Хромтау гимназиясы" базасында «Ақтөбе-Дарын» өңірлік ғылыми-тәжірибелік қосымша білім беру орталығының хатына сәйкес аудандық білім бөлімінің ұйымдастыруымен аудандағы білім беретін мектептер арасында республикалық «Ақберен» байқауының аудандық кезеңі өткізілді. Аудандық кезеңінде мектебіміздің 8 сынып оқушысы Тишбаев Ерасыл «Ақындар мүшәйрасы» бағыты бойынша жүлделі ІІІ-орын иеленіп, 11 сынып оқушысы Жақсылық Мөлдір «Ұлттық аспапта ойнау» бағыты бойынша жүлделі ІІІ-орынға иеленді. Жетекшілері Қалмұратов Жомарт пен Биржанова Райса әріптестерімізді және жүлдегер оқушыларымызды жеңістерімен құттықтаймыз.

10nov.jpg 11nov.jpg 12nov.jpg

7nov.jpg 8nov.jpg 9nov.jpg

«Тарихи шежірем. Менің тегімнің тарихы»

2022 жылғы 4 қазан күні "№ 6 Хромтау гимназиясы" мәжіліс залында облыстық «Тарихи шежірем. Менің тегімнің тарихы» атты байқаудың аудандық іріктеу кезеңі өткізілді. Байқаубың мақсаты оқушылардың өз тарихи шежірелерін зерттеуге оны сақтауға тәрбиелеу және тарихты зерделеу үшін болып табылады. Байқау қорытындысына сәйкес 6 класс оқушысы Нұрболатқызы Кәусар ІІІ-орын, 5 класс оқушысы Сейтмагамбетов Қолганат алғыс хатпен марапатталды. Жетекшісі тарих пәнініңмұғалімі Биржанов Рустам Айтуганович.

5nov.jpg 6nov.jpg

«Жанды сабақ» туры бағдарламасы

2022 жылғы 28 қыркүйек күні «Жанды сабақ» турының бағдарламасы бойынша Ақтөбе қаласына тарихи, мәдени жәдігерлермен және спорттық кешендерді таныстыру мақстанда кезекті саяхат ұйымдастырылды.Мектебімізден Мергенова Айым, Ғалымжан Әділ, Маратов Ислам қатыстырылды. Оқушылардың рухани, шығармашылық дамуына, тарихи, мәдени құндылықтарымен жан-жақты танысуына арналған интеллектуалдық ойындар, эстафеталар өткізілді. Бұл саяхат таза ауада демалып, жаңа достар тауып қуанған балаларға ерекше көңіл күй сыйлады.

1nov.jpg 2nov.jpg 3nov.jpg

4nov.jpg

«Жетістікке жету өз қолыңда!»

"№7 Хромтау мектеп-гимназиясы" ғимаратында аудандық білім бөлімінің жылдық жұмыс жоспарына сәйкес, «Балалар жылы-2022» жобасы аясында дарынды оқушылармен «Жетістікке жету өз қолыңда!» атты кездесу кеші өткізілді.

Кездесу кешінде аудандық білім бөлімінің әдіскері Казиханова Бибігүл Багитжановна және мектеп директоры Культаева Эльмира Кайруллиновна құттықтау сөз сөйледі.

Шара барысында кездесу кешінің қонақтары республикалық пәндік олимпиада ІІІ жүлдегері, Қанипа Бітібаева атындағы республикалық олимпиадасының ІІ орын иегері 10 класс оқушысы Сәндіғали Сәнгүл, ІІ Республикалық «Мәшһүр-Жүсіп» оқуларының Бас жүлдегері 11 класс оқушысы Асылбекова Ақнұр, 5-6 класс оқушылары арасындағы республикалық пәндік олимпиаданың жүлдегері 5 класс оқушысы Алмас Тамирис ата-аналарымен қатыстырылды.

Шара барысында оқушыларды пәндік олимпиадаларға, ғылыми-жоба байқауларға дайындаған жетекші мұғалімдер «Құрмет грамотасымен» марапатталды. Аудандық, облыстық, республикалық байқауларда қатысып, жүлдегер атанған 80 білім алушы мектеп директорының арнайы дипломы және ата-анасына алғыс хатпен марапатталды.

1.jpg 2.jpg 3.jpg

4.jpg 5.jpg 6.jpg

7.jpg

«Тарих ата» республикалық қашықтық олимпиадасы

«Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы 2006 жылдан бастап, оқушылардың Қазақстан тарихына деген қызығушылығын арттыру, олардың өз бетімен жұмыс жасау дағдылары мен алған білімін қолдану, іскерлік қабілеттерін қалыптастыру және патриоттық сезімдерін жетілдіру мақсатында 5-9 сынып оқушылары арасында «Тарих ата» республикалық қашықтық олимпиадасына мектебімізден 75 оқушы қатыстырылды. Олимпиада нәтижесі бойынша І-дәрежелі диплом 2 оқушы, ІІ-дәрежелі диплом 1 оқушы, ІІІ-дәрежелі диплом 1 оқушы және 71 оқушы сертификат иеленді.Жетекшілері тарих пәнінің мұғалімдері Биржанов Р. А, Жетесов Н.А.

1.jpg 2.jpg 3.jpg

4.jpg 5.jpg 6.jpg

«Жеңіс ұрпақтары»

2022 жылғы 11-30 мамыр аралығында «Балдәурен-Түркістан» Республикалық оқу-сауықтыру орталығының «Жеңіс ұрпақтары» атты ауысымына қатысу үшін мектебімізден 7 класс оқушылары Тишбаев Ерасыл, Айтуған Аяна, 8 класс оқушысы Мергенова Айым қатыстырылды. 

1.jpg 2.jpg

Республикалық жасөспірімдер олимпиадасының І аудандық кезеңі

Републикалық «Дарын» ғылыми-тәжірибелік орталығының ұйымдастыруымен 2022 жылғы 05 сәуір күні №6 Хромтау гимназиясында жаратылыстану-математикалық бағыттағы (математика, биология, физика, химия, биология) 7-8 класс оқушылары арасында Республикалық жасөспірімдер олимпиадасының І аудандық кезеңіне офлайн түрде мектебімізден 10 оқушы қатыстырылды.Олар: Самратқызы Гаухар, Елеусіз Ерахмет, Наурзалин Арсен, Қайырбай Темірлан, Сисенбай Бексултан, Жиенбекова Карина, Арынгазина Динара, Жақсымұрат Нұртілек, Мергенова Айым, Шалғынбаев Саят.Жетекшілері: Жекеева А.Ш, Мусина А.Н, Бағланбаева Г.М, Қамысбай А.Р, Токсамбаева К.А, Кеңес Н.Ү, Жақсыкелдина Т.М, Бактыбаева Д.К.
Олимпиада нәтижесі бойынша Мергенова Айым жүлделі ІІ орын иеленіп, Қайырбай Темірлан мақтау қағазымен марапатталды.Жетекшілері биология пәні мұғалімдері Жекеева А.Ш, Мусина А.Н.

1.jpg 2.jpg 3.jpg

«Достық-2022» кешенді пәндік олимпиадасы

«Ақтөбе-Дарын» өңірлік ғылыми-тәжірибелік қосымша білім беру орталығының ұйымдастыруымен №6 Хромтау гимназиясында 5-6 сынып оқушылары арасында 2022 жылғы 04 мамырда математика-логика, қазақ тілі мен әдебиеті, ағылшын тілі, қазақстан тарихы пәндері бойынша өткен «Достық-2022» кешенді пәндік олимпиадасына мектебімізден Алмас Тамирис, Жасағанберген Аман қатыстырылды.Оқушылар 4 пән бойынша 100 сұраққа жауап беріп, әрбір дұрыс жауап 1 баллмен есептелді.Нәтижесінде 5 класс оқушысы Алмас Тамирис 58 ұпаймен мақтау қағазымен марапатталды.

1.jpg 2.jpg

«Кемеңгер» олимпиадасы

2022 жылғы 13 мамыр күні №4 Хромтау орта мектебі базасында дарынды оқушыларды анықтау, олардың білім деңгейлерін арттыру, қабілеттіліктерін дамыту және қолдау үшін жағдайлар жасау мақсатында 8 класс оқушылары арасында қазақ тілі мен әдебиеті, ағылшын тілі пәндері бойынша өткен облыстық «Кемеңгер» олимпиадасының аудандық кезеңіне мектебімізден Утегенова Айдана, Бозғұланов Мерей қатыстырылды. Олимпиада нәтижесі бойынша Бозғұланов Мерей ІІІ-орын иеленді.Жетекшісі қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Жанұзақова Т.З.

1.jpg 2.jpg 3.jpg

«Жемқорлықсыз болашақ»

2022 жылғы 16 мамырда мектебімізде дарынды оқушыларды қоғамдық-гуманитарлық ғылымдар саласында қолдау, сондай-ақ оқушылардың сыбайлас жемқорлықтың әртүрлі нысандары туралы көзқарасын, жемқорлыққа байланысты жағдаяттар туралы кешенді білімі мен құқықтық және моральдық-этикалық талапқа сай өзін ұстауын қалыптастыру мақсатында жалпы білім беретін мектептердің 9-10 класс оқушылары арасында өткен «Жемқорлықсыз болашақ» атты облыстық қашықтық олимпиадасының аудандық кезеңіне мектебімізден 9 класс оқушысы Қайырбай Еркебұлан, 10 класс оқушысы Кудайберген Меруерт қатыстырылды.Олимпиада нәтижесі бойынша екі оқушымызда жүлделі ІІІ-орын иеленді.

1.jpg 2.jpg 3.jpg

«Бас болып өнер білсең, тіпті жақсы»

2022 жылдың 13 мамыр күні Павлодар қаласында өткен ІІ республикалық «Мәшһүр-Жүсіп оқуларының» «Бас болып өнер білсең, тіпті жақсы» бағытында Ақтөбе облысының сапында қатысқан №7 Хромтау мектеп-гимназиясының 11 сынып оқушысы Асылбекова Ақнұр Телағысқызы (жетекшісі-Жанұзақова Т. З) бас жүлдеге иеленді. Дарынды оқушымызбен жетекшісін республикалық бәйгедегі жетістіктерімен құттықтаймыз!

1.jpg 2.jpg 3.jpg

«Бастау» аудандық олимпиадасы

2022 жылдың 13 мамыр күні Дөң мектеп-гимназиясында өткен «Бастау» аудандық олимпиадасына қатысқан №7 Хромтау мектеп-гимназиясының бастауыш сынып «Үш қыран» тобының оқушылары Сабыржан Райяна Жанатқызы, Арингазина Аяулым Танатовна, Ислам Әділет (жетекшісі-Укубаева Ы.З) жүлделі ІІ-орынға иеленді. Дарынды оқушыларымызбен жетекшісін аудандық бәйгедегі жетістіктерімен құттықтаймыз!

1.jpg 2.jpg 3.jpg

4.jpg 5.jpg

«Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда»

Республикалық Абай оқуларының аудандық кезеңіне «Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда» номинациясы бойынша 7 класс оқушысы Тишбаев Ерасыл Мақсатұлы қатысып, жүлделі 2 орынға иеленді. Жетекшісі қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Қалмұратов Ж.С.

1.jpg 2.jpg 3.jpg

4.jpg 5.jpg

«Достық-2022»

«Ақтөбе-Дарын» өңірлік ғылыми-тәжірибелік қосымша білім беру орталығының ұйымдастыруымен №6 Хромтау гимназиясында 5-6 сынып оқушылары арасында 2022 жылғы 04 мамырда математика-логика, қазақ тілі мен әдебиеті, ағылшын тілі, қазақстан тарихы пәндері бойынша өткен «Достық-2022» кешенді пәндік олимпиадасына мектебімізден Алмас Тамирис, Жасағанберген Аман қатыстырылды.Оқушылар 4 пән бойынша 100 сұраққа жауап беріп, әрбір дұрыс жауап 1 баллмен есептелді.Нәтижесінде 5 класс оқушысы Алмас Тамирис 58 ұпаймен мақтау қағазымен марапатталды.

1.jpg 2.jpg 3.jpg

4.jpg

Қанипа Бітібаева атындағы республикалық олимпиада

2022 жылдың 3-5 мамыр аралығында Өскемен қаласында өткен қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен дәстүрлі Қанипа Бітібаева атындағы республикалық олимпиадасынан Ақтөбе облысының сапында қатысқан №7 Хромтау мектеп-гимназиясының 10 сынып оқушысы Сәндіғали Сәнгүл Сәндіғалықызы (жетекшісі-Жанұзақова Т. З) жүлделі 🥈 ІІ орын иеленді. Дарынды оқушымызбен жетекшісін республикалық бәйгедегі жетістіктерімен құттықтаймыз! 

1d

Олимпиада жеңімпаздары марапатталды

«Кемел келешек кілті-білімде» атты ауданымыздың дарынды, өнерлі оқушыларының шеруі өтті. Салатанатты шараға аудан әкімінің орынбасары Мадьяр Қабыл қатысып, жүлдегерлерді құттықтап, ізгі тілектерін жеткізді.
Шара мемлекеттік Гимннің орындалуымен басталып, жалпы білім беретін пәндер бойынша пәндік олимпиада жайында бейнебаянды тамашалаумен жалғасты. Одан кейін жиналғандар назарына балалар музыка мектебінің домбырашылар оркестрінің орындауындағы «Көңілашар» күйі ұсынылып, марапаттау рәсімі бастау алды.
Жиында жалпы білім беретін пәндер бойынша мектебіміздің 16 оқушысы республикалық пәндік олимпиаданың аудандық, облыстық, республикалық кезендерінің жеңімпаздары, түрлі байқауларда жүлделі орындарды иеленіп жүрген мектебіміздің жас ақыны Тишбаев Ерасыл «Аудан дарыныдыларына арнау» өлеңін оқып марапатталды.Республикалық кезең бойынша жүлделі 3-орынға иеленген 10 класс оқушысы Сәндіғали Сәнгүл Сәндіғалықызы мен жетекшісі қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Жанұзақова Торғын Зағитқызы марапатталды.

1.jpg 2.jpg 3.jpg

4.jpg 5.jpg

«Жаманшын»

2021 жылдың 25 қыркүйек айында Ақтөбе облысы, Ырғыз ауданындағы «Жаманшын» бағытына ұйымдастырылатын турға мектебіміздің 9 класс оқушысы Сембайева Арай Сантайқызы және 11 класс оқушысы Кабидуллаева Дайана Канатовна қатыстырылды.

7

«Біз рәміздерді құрметтейміз»

Жалпы білім беретін мектеп оқушыларына арналған «Біз рәміздерді құрметтейміз» тақырыбындағы эссе байқауына Тишбаев Ерасыл Мақсатұлы, Серікқали Батыр Қайратұлы, Құдайберген Меруерт Уралбайқызы жұмыстары қатыстырылды.Нәтижесінде Тишбаев Ерасыл мен Құдайберген Меруерт мақтау қағазымен марапатталды.Жетекшілері: Шуиншалина Н және Қалмұратов Ж.С.

5    6

Пәндік олимпиада

2021-2022 оқу жылы бойынша 14-22 ақпан күндері аралығында республикалық пәндік олимпиаданың аудандық кезеңіне 12 пән бойынша 9-11 класс оқушылары арасынан 30 оқушы қатысты.

 

Республикалық пәндік олимпиаданың облыстық кезеңіне Сәндіғали Сәнгүл (қазақ тілі) пәнінен қатысты.Облыстық іріктеу екі кезеңнен 81 ұпай жинады.Нәтижесінде облыстық кезеңде ІІІ-орын иеленді.Жетекшісі қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Жанұзақова Т.З.

1.jpg 2.jpg 3.jpg

 

«Мәшһүр-Жүсіп» оқулары

2022 жылғы 24 наурыз күні 8-11 сынып оқушылары арасында өткізілген «Мәшһүр-Жүсіп» оқуларының аудандық кезеңіне мектебімізден 10 сынып оқушысы Жұмабек Аяулым және 11 сынып оқушысы Асылбекова Ақнұр қатыстырылды.Нәтижесінде Жұмабек Аяулым «Білімді зерек адам болам!»-десең, Қара өзіңді басқаның айнасымен эссе номинациясы бойынша мақтау қағазымен және Асылбекова Ақнұр «Бас болып өнер білсең, тіпті жақсы» ғылыми жоба номинациясы бойынша жүлделі 1-орынға иеленіп, облыстық кезеңге жолдама алды.Жетекшілері Жанұзақова Т.З, Жетесов Н.А.

MK1.jpg MK2.jpg MK3.jpg

"Қадыр Мырза Әли" оқулары

2022 жылғы 15 наурызда 6-11 сынып оқушылары арасында республкалық Қадыр оқуларының аудандық кезеңі 3 бағыт бойынша мектебімізден 3 оқушы (Тишбаев Ерасыл, Демесін Жазира, Жасағанберген Диас) қатыстырылды.Нәтижесінде «Қуып шығар қызыл сөзді ой кейін» жас дарындар конкурсы бойынша 7 сынып оқушысы Тишбаев Ерасыл 1-орын иеленіп, 25 наурызда өтетін облыстық кезеңге жолдама алды.С.Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасында республикалық Қадыр Мырза Әли оқуларының облыстық кезеңінде 3-орынға иеленді.Жетекшісі қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Қалмұратов Ж.С.

1.jpg 2.jpg 3.jpg

4.jpg 5.jpg 6.jpg

"Қуып шығар қызыл сөзді ой кейін"

2022 жылғы 15 наурызда аудандық білім беру ұйымдарының 6-11 сынып оқушылары арасында республикалық Қадыр оқуларының аудандық кезеңі өтті.Байқау 3 бағыт бойынша өткізілді.Мектебімізден 3 оқушы қатыстырылып, нәтижесінде "Қуып шығар қызыл сөзді ой кейін" жас дарындар конкурсы бойынша 7 сынып оқушысы Тишбаев Ерасыл Мақсатұлы 1-орын иеленіп, облыстық кезеңге жолдама алды.Облыстық кезеңде де жеңіспен оралуына сенім білдіреміз.

1.jpg 2.jpg 3.jpg

4.jpg

«Кішкентай білгірлер»

4 сынып оқушылары арасында өтетін «Кішкентай білгірлер» атты облыстық интеллектуалдық олимпиаданың аудандық кезеңіне Кадырбеков Дархан, Сағидуллаева Хадиша, Төлебай Асем, Алмас Томирис «Сұңқар» командасы болып топпен қатысып, 2-орынға ие болды.Жетекшілері бастауыш сынып мұғалімдері Укубаева Ы.З, Әлімжанова Ж.Ә.

1.jpg 2.jpg 3.jpg

4.jpg 5.jpg

«Туған елің-Қазақстанды жақсы білесің бе?»

5-7 класс оқушылары арасында «Туған елің-Қазақстанды жақсы білесің бе?» атты республикалық балалар оқуларының облыстық кезеңіне Жалғасбаева Камила, Аскарова Назерке, Төлебай Инабат, Молдагулова Альбина жолдама алып, ауа райының қолайсыздығына орай облыстық кезеңге қатыса алмады және мақтау қағаздарымен марапатталды.

1.jpg 2.jpg 3.jpg

4.jpg 5.jpg

Лингвистикалық олимпиада

8-10 кл оқушылары арасында өткен Лингвистикалық олимпиаданың аудандық кезеңіне мектебімізден 10 оқушы қатысып, 10 сынып оқушысы Сәндіғали Сәнгүл 3-орынға иеленіп, 11 сынып оқушысы Асылбекова Ақнұр мақтау қағазына ие болды. Жетекшісі: Қамысбай А.Р, Искендирова С.К.

6.jpg 7.jpg 8.jpg

«Елі еріне, ері еліне сенген ұлы тұлға»

2021 жылғы 24 қараша күні №3 Хромтау орта мектебі ғимаратында 9-11 сынып оқушылары арасында өткен 1 желтоқсан-Тұңғыш Президент күніне арналған «Елі еріне, ері еліне сенген ұлы тұлға» тақырыбындағы аудандық эссе байқауына мектебімізден оқушы қатысты. Олар: 9 сынып оқушысы Алтынбекқызы Назерке, 10 сынып оқушылары Құдайберген Меруерт, Құмар Ақбота және 11 сынып оқушысы Асылбекова Ақнұр.Нәтижесінде Құдайберген Меруерт 1-орын, Асылбекова Ақнұр 2-орын, Құмар Ақбота 3-орын иеленді.Жетекшілері Хамит Дана, Жанұзақова Торгын, Қалмуратов Жомарт.

10.jpg 11.jpg 9.jpg

«Алтын сақа»

2021 жылғы 22 қазан күні 5-6 сынып оқушылары арасында «Алтын сақа» аудандық математика пәнінен ұйымдастырылған олимпиадаға мектебімізден 6 оқушы (Қыдырбеков Дархан, Төлебай Инабат, Бикелді Диас, Жасағанберген Аман, Төлебай Назым, Жұмабек Ақкенже) қатыстырылды.Облыстық кезеңге 2021 жылғы 20 қараша күні 5 сынып оқушысы Бикелді Диаспен 6 сынып оқушысы Жасағанберген Аман қатысты

12

Олимпиада

5-6 класс оқушылары арасында өтетін республикалық олимпиаданың мектепішілік кезеңіне 32 оқушы қатыстырылып, аудандық іріктеу кезеңге 11 оқушы жолдама алды.Аудандық кезең бойынша 5 сынып оқушылары Жалғасбаева Камила (қазақ тілі мен әдебиеті), Ахметолла Нұршайым (орыс тілі), Алмас Томирис (қазақстан тарихы) бойынша облыстық кезеңге жолдама алса, Айтуған Дәулет 2-орын (ағылшын тілі Мурзатаева А.М), Мырзахан Айсұлу 2-орын (жаратылыстану Жекеева А.Ш), Жасағанберген Аман 3-орын (математика Қамысбай А.Р), Құтдықадам Марат 3-орын (қазақ тілі мен әдебиеті Шуиншалина Н), Сатаева Іңкәрайым 3-орын (орыс тілі мен әдебиеті Казмагамбетова А.С) Қаупбай Ақбота алғыс хат (ағылшын тілі Утегенова Г,У) 2021 жылғы 07 желтоқсан күні өткізілген облыстық кезең қорытындысы бойынша 5 сынып оқушысы Алмас Тамирис 3-орынға иеленді.
2021 жылғы 13 желтоқсан күні Ақтөбе қаласы, Кемел-Білім мектеп-лицейі базасында өткен республикалық кезеңге Алмас Тамирис қатысып жүлделі 2-орынға иеленді.Жетекшілері Биржанов Р.А, Казмагамбетова А.С, Жанұзақова Т.З.

1.jpg 2.jpg 3.jpg

4.jpg 5.jpg 6.jpg

7.jpg 8.jpg 9.jpg