ICILS-2023 халықаралық зерттеулеріне қатысатын 8 сынып оқушыларының ата-аналарымен мектеп үйлестірушісі Махамбетов Қият Инатұлы компьютерлік ақпараттық сауаттылық бойынша тапсыратын тестілеу мен сауалнама туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Әр 5 жыл сайын әлемнің 35-тен астам елдерінің 8 сынып оқушылары (13,5 жас) қатысатын халықаралық зерттеуге қатысты тоқталып өтті.Халықаралық зерттеудің өткізілу уақыт шектері шамамен 2 сағат құрайтынына тоқталды. Оқушыларға информатика пәні мұғалімдерімен бірлесіп ICILS-2018 тест тапсырмалар жинағымен дайындық жұмыстарын жүргізілетіндігін түсіндірді. Оқушылар еш себепсіз халықаралық зерттеуі болатын күні қатыспай қалмау керектігін ата-аналарға ескертті.
Бұл зерттеу 8-сынып оқушыларының КАС деңгейлеріндегі және компьютерді пайдаланудағы
айырмашылықтарды өлшеп талдайды және оқушылар КАС деңгейін дамыта алатын әртүрлі
орталар туралы контекстік ақпарат жинайды.
Жалпы алғанда, ICILS зерттеуі мыналарды қамтиды:
• Оқушыларға арналған компьютерлік және ақпараттық сауаттылық тесті (әр оқушыға
арналған USB дискілері немесе интернет браузері негізінде). Әрбір оқушы
компьютерлік және ақпараттық сауаттылық бойынша тапсырмаларды қамтитын 30
минуттық тест орындайды (жеті тест модулінің ішіндегі екеуін).
• Оқушыларға арналған сауалнама (әр оқушыға арналған USB дискілері немесе интернет
браузері негізінде). 25 минуттық оқушыларға арналған сауалнама олардың (мектепте
және мектептен тыс) компьютерді пайдалану тәжірибесі, компьютерді пайдалануға
деген көзқарасы және т.б. сұрақтарды қамтиды.
Ескерту
Оқушыларға арналған сауалнама олардың ата-анасының/қамқоршысының лауазымы туралы, оның
ішінде олар өз жұмысында немен айналысатыны туралы екі сұрақты қамтиды. Бұл сұрақтар
кәсіптерді халықаралық жіктеу жүйесіне сәйкес бөлу үшін қолданылады. Оқушылардың осы
сұрақтарға жауаптары қатаң құпия түрде сақталады және оқушының жеке үлгерімі мен тәжірибесін
талдау мақсатында пайдаланылмайды.
Сондықтан ICILS 2023 қатысушыларына ата-аналарының/қамқоршыларының жұмысы туралы біліп
келу үшін осындай сұрақтарға жауап беру қажет болатынын алдын ала ескерту керек.
ICILS 2023 оқушылардың, мектептердің, мұғалімдердің немесе директорлардың жауаптарын
жеке деңгейде бағаламайтынын ескертеміз. Жиналған деректер респонденттің жеке басын емес,
тұтас білім беру жүйелерін бақылауға мүмкіндік береді. Белгілі бір оқушыларды, мұғалімдерді
немесе мектептерді анықтайтын деректер немесе есептер ешбір жерде жарияланбайды.
ICILS-2023 халықаралық зерттеулеріне қатысатын 8 сынып оқушыларымен мектеп үйлестірушісі Махамбетов Қият Инатұлы компьютерлік ақпараттық сауаттылық бойынша тапсыратын тестілеу мен сауалнама туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Әр 5 жыл сайын әлемнің 35-тен астам елдерінің 8 сынып оқушылары (13,5 жас) қатысатын халықаралық зерттеуге қатысты тоқталып өтті.Халықаралық зерттеудің өткізілу уақыт шектері шамамен 2 сағат құрайтынына тоқталды. Оқушыларға информатика пәні мұғалімдерімен бірлесіп ICILS-2018 тест тапсырмалар жинағымен дайындық жұмыстарын жүргізуді түсіндірді. Оқушылар еш себепсіз халықаралық зерттеуі болатын күні қатыспай қалмау керектігін ескертті.
Бұл зерттеу 8-сынып оқушыларының КАС деңгейлеріндегі және компьютерді пайдаланудағы
айырмашылықтарды өлшеп талдайды және оқушылар КАС деңгейін дамыта алатын әртүрлі
орталар туралы контекстік ақпарат жинайды.
Жалпы алғанда, ICILS зерттеуі мыналарды қамтиды:
• Оқушыларға арналған компьютерлік және ақпараттық сауаттылық тесті (әр оқушыға
арналған USB дискілері немесе интернет браузері негізінде). Әрбір оқушы
компьютерлік және ақпараттық сауаттылық бойынша тапсырмаларды қамтитын 30
минуттық тест орындайды (жеті тест модулінің ішіндегі екеуін).
• Оқушыларға арналған сауалнама (әр оқушыға арналған USB дискілері немесе интернет
браузері негізінде). 25 минуттық оқушыларға арналған сауалнама олардың (мектепте
және мектептен тыс) компьютерді пайдалану тәжірибесі, компьютерді пайдалануға
деген көзқарасы және т.б. сұрақтарды қамтиды.
Ескерту
Оқушыларға арналған сауалнама олардың ата-анасының/қамқоршысының лауазымы туралы, оның
ішінде олар өз жұмысында немен айналысатыны туралы екі сұрақты қамтиды. Бұл сұрақтар
кәсіптерді халықаралық жіктеу жүйесіне сәйкес бөлу үшін қолданылады. Оқушылардың осы
сұрақтарға жауаптары қатаң құпия түрде сақталады және оқушының жеке үлгерімі мен тәжірибесін
талдау мақсатында пайдаланылмайды.
Сондықтан ICILS 2023 қатысушыларына ата-аналарының/қамқоршыларының жұмысы туралы біліп
келу үшін осындай сұрақтарға жауап беру қажет болатынын алдын ала ескерту керек.
ICILS 2023 оқушылардың, мектептердің, мұғалімдердің немесе директорлардың жауаптарын
жеке деңгейде бағаламайтынын ескертеміз. Жиналған деректер респонденттің жеке басын емес,
тұтас білім беру жүйелерін бақылауға мүмкіндік береді. Белгілі бір оқушыларды, мұғалімдерді
немесе мектептерді анықтайтын деректер немесе есептер ешбір жерде жарияланбайды.
ICILS-2023 халықаралық зерттеулеріне қатысатын 8 сынып оқушыларымен компьютерлік ақпараттық сауаттылық бойынша информатика пәні мұғалімдері Бактыбаева Данила Карымсаковна, Жақсыкелдина Толқын Мирболатқызы дайындық жұмыстарын жүргізуде.
2023 жылғы 28 наурыз күні зумм платформасы арқылы ICILS-2023 халықаралық зерттеулерін өткізу процедуралары бойынша облыстық білім басқармасының маманы Орнова Дина Нуркеновна түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Мектебіміздің 8 сыныпқа сабақ беретін пән мұғалімдері сауалнамадан өту бойынша сұрақтар қойып, жауаптар берілді.