Аудандық ән байқауы

«Жас Қыран» ұйымының мүшелері Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай ұйымдастырылған аудандық ән байқауында 2 орынды иеленген 3а сынып білім алушысы Калиев Бексұлтан және 3 орын иеленген 4а сынып білім алушысы Демесін Аййкөркем.

51.jpg 52.jpg 53.jpg

Дұрыс тамақтану денсаулық кепілі

«Жас ұлан» балалар ұйымының жоспарына сай мектеп оқушылары “Дұрыс тамақтану денсаулық кепілі” тақырыбында қабырға газеттерін дайындады.

22.jpg 23.png

Еліміздің мақтанышы

«Жас ұлан» ұйымының мүшесі, №7 Хромтау мектеп-гимназиясының 7ә сынып білім алушысы, жас ақын Тишбаев Ерасыл "Еліміздің мақтанышы" атты жинағына енді.

20.jpg 21.jpg 50.jpg

 

«Жас Ұлан», «Жас Қыран» ұйымы мүшелерінің жаңа жылды отбасымен қарсы алу фото суреттері  мектептің әлеуметтік желісіне жарияланды.

16.jpg 17.jpg 18.jpg

Қалниязова Нұргүл Сисенғалиқызымен сыр-сұхбат бағдарламасы  

№7 Хромтау мектеп-гимназиясының "Жас ұлан" жастар ұйымы жаңа жыл мерекесі қарсаңында аудандық білім бөлімінің басшысы м.а Қалниязова Нұргүл Сисенғалиқызымен сыр-сұхбат бағдарламасы ұйымдастырды. Бағдарлама мақсаты - танымал тұлғалар мен кейінгі буын арасын байланыстыра отырып, оларды көрерменге жақын таныстыру.

Сыр-сұхбат барысында әдемі әңгіме өрбітіліп, түрлі сұрақтар қойылды. Бағдарлама соңында басты қонағымыз ел-халыққа жүрек жарды тілегін арнады.

16

«Жас ұлан», «Жас Қыран» ұйымының құрамына қабылдау

16 желтоқсан - ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай бүгін мектеп белсенділерін «Жас ұлан», «Жас Қыран» ұйымының құрамына қабылдау өткізілді.

Жас Ұлан» ұйымының негізгі мақсаты - оқушылардың қоғамдық, әлеуметтік, танымдық және шығармашылық қабілеттерін дамыту. Ал міндеттері - әлеуметтік тәжірибені байыту және дамыту, мектептегі тәрбиелік әлеуетін жүзеге асыру болып табылады.

Шара барысында «Жас ұлан»,  "Жас қыран" ұйымына қабылданушы оқушылар ант қабылдап, төс белгішелері мен галстуктар тағылды. Жиын соңында мекеп директоры Э.К.Культаева  құттықтау сөз сөйлеп, егеменді еліміздің еңселі азаматтары болуларына тілектестігін білдірді.

17.png 18.png 19.png

Дебат турнирі

«Жас ұлан» жастар ұйымының ұйымдастыруымен Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күн аясында 10 сынып оқушылары арасында мектепшілік дебат турнирі өткізілді. Турнир мақсаты – жастардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы иммунитетін қалыптастыру.

13.jpg 14.jpg 15.jpg

Зорлық-зомбылықсыз 16 күн

25 қараша - Халықаралық әйелдерге зорлық-зомбылыққа қарсы күн аясында және "Зорлық-зомбылықсыз 16 күн" республикалық акциясына сәйкес ӘЗЗҚ инспекторы полиция капитаны Инкар Кемерова және Аудан әкімі жанындағы әйелдер істері, отбасылық-демографиялық комиссия хатшысы, бас маман Жеңісгүл Бошжановамен кездесу өткізілді.

Кездесу мақсаты зорлық-зомбылық деректерінің алдын алу болып табылады. Кездесу барысында мамандар тарапынан оқушыларға түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, пікір алмасты. Кездесу соңында оқушыларға ақпараттық жаднамалар таратылды.

10.jpg 11.jpg 12.jpg

8.jpg 9.jpg

 

Балалалық шақты бірге қорғайық!

2021 жылдың 15.11-19.11күндері аралығында жүргізілген мектепшілік "Бала құқығы-адам құқығы" апталығы аясында өткізілген "Балалалық шақты бірге қорғайық!"атты оқушылардың жетістіктері туралы челленджі ұйымдастырылды.

4.jpg 5.jpg 6.jpg

ҚҰҚЫҒЫМ БАР

2021 жылдың 15.11-19.11 күндері аралығында жүргізілген "Бала құқығы - адам құқығы" апталығы аясында "Құқығым бар" тақырыбында 9-сынып оқушылары арасында құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында  дөңгелек үстел өткізілді.

3

 

КҮЗ ХАНШАЙЫМЫ МЕН КҮЗ ХАНЗАДАСЫ

Күз туралы балалардың дүниетанымындарын арттыру, күз мезгілінің қоршаған ортаға әсерін сезіндіру, күз ерекшеліктерін, күз сыйын ұғындыра отырып, балаларға мерекелік көңіл - күй сыйлау, әр баланың бойындағы қасиеттерін ойлау, әр түрлі жағдайлардан шыға білу, өнерін көрсету, тапқырлық, сахна мәдениетін қалыптастыру, ата салтын ардақтайтын, өз елін сүйер нағыз қазақ қызымен жігітінің қасиеттерін бойына сіңіре білер ұрпақты тәрбиелеу, жаттықтыру мақсатында  №7 Хромтау мектеп-гимназиясында 8-10 сынып оқушылары арасында "Күз ханшайымы мен күз ханзадасы" атты байқау өткізілді.

1.jpg 2.jpg