№7 Хромтау мектеп-гимназиясында 7-қазаннан бастап “Оқушы Дауысы” жобасы жүзеге асырылды. Жоба барысында “Жас Ұлан” ұйымының мүшелері мектептегі білім сапасы, өткізіліп жатқан мәдени іс-шаралар бойынша өз ұсыныстарын жәшікке салу арқылы пікір білдіріп, мектептің жан-жақты дамуына өз үлестерін қосты. Жобаның ашылу рәсімінде мектеп директоры Культаева Эльмира Кайруллиновна жобаның мақсат-міндеттерін атап өтті. Жобаның Мақсаты:

- Оқушының оқыту мен оқу туралы пікірін ескере отырып, оқуды жақсарту;

- Оқушыдан кеңес алудың әдіс-тәсілдері бойынша мұғалімдерге арналған нұсқаулық әзірлеу;

- Мектептерде ашық және қауіпсіз диалог құрудың проблемалары мен мүмкіндіктерін анықтау.

11.jpg 12.jpg 13.jpg

14.jpg