Печать

Жас мамандар арасында дәстүрлі түрде жыл сайын өткізілетін мектепішілік «Жас маман-2022» байқауы  5-15 сәуір аралығында өткізілді. Мектепішілік байқауға мектебіміздегі 3 жыл көлемінде педагогикалық өтілі бар 12 жас маман қатысты. Жарыс 2 кезеңнен тұрды. Бірінші кезең «Ашық сабақ жәрмеңкесініен» тұрды. Ал екінші кезеңде жас мамандар бірнеше бөлім бойынша бақ сынасты. Олар: «Таныстыру» (креативті түрде), «Бір педагогикалық идея ұсыну», «Өз өнерін көрсету», «Ситуациялық сұрақтар».

Байқау қорытындысы бойынша «Бас жүлдеге» денешынықтыру пәнінің мұғалімі Бозғұлан Н.С. иеленсе, 1 орынға  информатика пәнінің мұғалімі Жаксыкелдина Т.М. және денешынықтыру пәнінің мұғалімі Қарымсақ Е.Б. иеленді. Жүлделі 2 орын бастауыш класс мұғалімі Асылбекова Л.А. және денешынықтыру пәнінің  мұғалімі  Есентаева А.А. бұйырды. Ал жүлделі 3 орын ағылшын тілі мұғалімі Бртаева Ж.К, физика пәнінің мұғалімі Бағланбаева Г.М., және бастауыш класс мұғалімі Әлімжанова Ж.А. иелік етті. Қалған жас мамандар түрлі номинациялар бойынша марапатталды.

1.jpg 10.jpg 11.jpg

12.jpg 2.jpg 3.jpg

4.jpg 5.jpg 6.jpg

7.jpg 8.jpg 9.jpg