№7 Хромтау мектеп -гимназиясы 2023-2024 оқу жылының 1 тоқсаны бойынша жас мамандармен жүргізілген жұмыс есебі

№7 Хромтау мектеп -гимназиясында 15 жас маман бар. 2023-2024 оқу жылылының басынан жас мамандармен  жүргізілетін жұмыс жоспары құрылып, мектеп директорымен бекітілді.Жыл басынан мектеп директорының бұйрығымен мектептегі жас мамандарға тәлімгер тағайындалды.Биылғы оқу  жылында жаңадан келген жас маман денешынықтыру пәні мұғалімі Марал Аружан Серікқызына жеке тәлімгер денешынықтыру пәнінің мұғалімі Сатмағамбетова Б.Т. тағайындалды

Тәлімгер тарапынан жас маманға оқу-тәрбие үдерісіндегі нормативтік құжаттармен таныстыру, оқушыларды оқытуда қойылатын гигиеналық талаптармен таныстыру, үйрету, нәтижесін бақылау жұмыстары үнемі жүріп отырды.Мектеп психологі тарапынан жас мамандарды психологиялық-педагогикалық тұрғыдан зерттеу, диагностика жүргізу болды.

     Жыл басынан 1 жас мамандар отырысы, бірнеше семинарлар, дөңгелек үстелдер, байқаулар өтті. Атап айтсақ қазан айында жас маман жетекшісі А.Ш.Жекееваның ұйымдастыруымен  «Оқу мен оқытудағы тиімді әдіс-тәсілдер» тақырыбында коучинг өтті.Қазақ тілі пәнінің мұғалімі Ж.Қалмұратовтың ұйымдастыруымен «Қысқа мерзімді жоспар құру» тақырыбында семинар-практикум өтті.Коучингке және семинар -практикумға  жас мамандар белсенділікпен қатысты.Сонымен қатар мектеп тренерлерінің ұйымдастыруыменде түрлі іс-шаралар өтті.

    Жас мамандар ағымдағы оқу жылына өз білімін жетілдіру жоспарларын құрып, мектеп директорымен бекітті.Өзара сабаққа кіру үрдісін жалғастыруда.

Жас мамандарға 2 тоқсанға төмендегі міндеттер жүктелді:

-        Жас мамандардың білім жетілдіру курстарынан өтуді қамту:

-        Ғылыми–практикалық конференцияларға баяндамалар даярлау:

-        Шығармашылық жұмыстар (ғаламторларда жариялануы, баспаға мақала жариялауы

-        Жас мамандардың кәсіби байқауға қатысуы

-        Олимпиадаға,   ғылыми жобаға оқушыларды сапалы даярлау.

2023 12 11 0652482023 12 11 0655472023 12 11 0653132023 12 11 065554

Жас мамандар арасында дәстүрлі түрде жыл сайын өткізілетін мектепішілік «Жас маман-2022» байқауы  5-15 сәуір аралығында өткізілді. Мектепішілік байқауға мектебіміздегі 3 жыл көлемінде педагогикалық өтілі бар 12 жас маман қатысты. Жарыс 2 кезеңнен тұрды. Бірінші кезең «Ашық сабақ жәрмеңкесініен» тұрды. Ал екінші кезеңде жас мамандар бірнеше бөлім бойынша бақ сынасты. Олар: «Таныстыру» (креативті түрде), «Бір педагогикалық идея ұсыну», «Өз өнерін көрсету», «Ситуациялық сұрақтар».

Байқау қорытындысы бойынша «Бас жүлдеге» денешынықтыру пәнінің мұғалімі Бозғұлан Н.С. иеленсе, 1 орынға  информатика пәнінің мұғалімі Жаксыкелдина Т.М. және денешынықтыру пәнінің мұғалімі Қарымсақ Е.Б. иеленді. Жүлделі 2 орын бастауыш класс мұғалімі Асылбекова Л.А. және денешынықтыру пәнінің  мұғалімі  Есентаева А.А. бұйырды. Ал жүлделі 3 орын ағылшын тілі мұғалімі Бртаева Ж.К, физика пәнінің мұғалімі Бағланбаева Г.М., және бастауыш класс мұғалімі Әлімжанова Ж.А. иелік етті. Қалған жас мамандар түрлі номинациялар бойынша марапатталды.

1.jpg 10.jpg 11.jpg

12.jpg 2.jpg 3.jpg

4.jpg 5.jpg 6.jpg

7.jpg 8.jpg 9.jpg