«№7 Хромтау мектеп-гимназиясы» (мектеп жанындағы интернатымен) КММ-не мектеп жанындағы интернат меңгерушісінің бос және (немесе) уақытша бос лауазымына қабылдау туралы хабарландыру
Орналасқан жері: Ақтөбе облысы, Хромтау қаласы, Республика көшесі, қ. 764
Эл.поштасы: Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в вашем браузере должен быть включен Javascript.
Телефон номері:8/71-336/59-4-87;8775-197-15-70
Мекеме атауы: «Ақтөбе облысының білім басқармасы, Хромтау ауданының білім бөлімі» ММ-нің «№7 Хромтау мектеп-гимназиясы»(мектеп жанындағы интернатымен) КММ
01.04.2022 күні, сағат 10.00-де «№7 Хромтау мектеп-гимназиясы»(мектеп жанындағы интернатымен) КММ-де мектеп жанындағы интернат меңгерушісінің бос орнына уақытша жұмысқа қабылдауға конкурс жарияланады. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы № 57 бұйрығынаенгізілген өзгеріс (Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2021 жылғы 19 қарашадағы № 568) 3-тарау,1-параграф, 11-қосымша (педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың бағалау парағы) бойынша өтеді.
Конкурсқа қатысу үшін 01.04.2022 күні төменде көрсетілген құжаттарды мектептің қабылдау бөлмесіне тапсыруыңыз сұралады.
1) осы Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, Конкурсқа қатысу туралы өтініш;
2) жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электронды құжат (идентификация үшін);
3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекен-жайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса);
4) Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);
6) "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген).
7) психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
8) наркологиялық ұйымнан анықтама;
9) Ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты (бұдан әрі – ҰБТ) немесе педагог-модератордың, педагог-сарапшының, педагог-зерттеушінің, педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (болған жағдайда).
10) 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған Бағалау парағы.
Мектептің интернет-ресурсында және әлеуметтік желілердің ресми аккаунттарында жарияланды www.enbek.kz; gimnazia7.edu.kz.
Мектеп-гимназия әкімшілігі