Жас маман мектебі
1. 2023-2024 оқу жылы бойынша жас мамандармен жүргізілген жұмыс есебі
2. 2022-2023 оқу жылына Жас мамандар тізімі
3. Жас мамандармен жүргізілетін 2022-2023 оқу жылына арналған жұмыс жоспары
4. Тәлімгерлікті ұйымдастыру мен тәлімгерлерді тағайындау жөнінде №66/1 01.09.2022 жылғы бұйрық
Жас маман - 2022
Жас мамандар арасында дәстүрлі түрде жыл сайын өткізілетін мектепішілік «Жас маман-2022» байқауы 5-15 сәуір аралығында өткізілді. Мектепішілік байқауға мектебіміздегі 3 жыл көлемінде педагогикалық өтілі бар 12 жас маман қатысты. Жарыс 2 кезеңнен тұрды. Бірінші кезең «Ашық сабақ жәрмеңкесініен» тұрды. Ал екінші кезеңде жас мамандар бірнеше бөлім бойынша бақ сынасты. Олар: «Таныстыру» (креативті түрде), «Бір педагогикалық идея ұсыну», «Өз өнерін көрсету», «Ситуациялық сұрақтар».
Байқау қорытындысы бойынша «Бас жүлдеге» денешынықтыру пәнінің мұғалімі Бозғұлан Н.С. иеленсе, 1 орынға информатика пәнінің мұғалімі Жаксыкелдина Т.М. және денешынықтыру пәнінің мұғалімі Қарымсақ Е.Б. иеленді. Жүлделі 2 орын бастауыш класс мұғалімі Асылбекова Л.А. және денешынықтыру пәнінің мұғалімі Есентаева А.А. бұйырды. Ал жүлделі 3 орын ағылшын тілі мұғалімі Бртаева Ж.К, физика пәнінің мұғалімі Бағланбаева Г.М., және бастауыш класс мұғалімі Әлімжанова Ж.А. иелік етті. Қалған жас мамандар түрлі номинациялар бойынша марапатталды.