Шатырлы лагерь
Ағымдағы жылдың 13-ші шілде күні "№7 Хромтау мектеп-гимназиясының" білім алушылары үшін Хромтау қаласынан 25 шақырым қашықтықта орналасқан Мұғалжар демалыс базасы аумағындағы «Тікаша» жерінде «Жас турист» шатырлы лагері ұйымдастырылды. Таңертеңмен жолға шыққан балалар, бірінші кезекте медбике және жетекшілер тарапынан қауіпсіздік ережелерімен, табиғат аясында өзін-өзі ұстау тәртібімен танысты. Балалар 3 топқа бөлініп, кезең-кезеңмен тапсырмалар орындады. Топтық жарыс аясында «Кедергілер алаңы» ұйымдастырылып, балалар «Аспалы өткел», «Параллель таяныштар», «Тарзанкадан секіру» секілді тапсырмаларды орындады. Көңілді сайыс «Туристік тағам» жас аспаздар байқауына ұласып, түскі ас дайындалды. Түстік астан кейін балалар туристік бағдарлау бойынша, Тікаша жерінің әсем ландшафты, өсімдіктері мен жергілікті жерге тән жануарлары туралы өз білімдерін толықтырды. Шатырлы лагерь жұмысы қорытындыланып, белсене қатысқан топтар мақтау қағаздарымен марапатталды.