Тәрбие жұмысы
№7 Хромтау мектеп-гимназия ғимаратында Дөң тау-кең байыту комбинатының ұйымдастыруымен өткен Дүниежүзілік еңбекті қорғау күніне орай алғаш рет «Қауіпсіздік – бұл біз!» акциясы өтті. Акцияның ерекшелігі – мектеп оқушыларына арналуында.
⠀Комбинаттың еңбекті қорғау және өнеркәсіптік қауіпсіздік бөлімінің маманы Талғат Ұлмағамбетов №7 мектеп-гимназиясының бесінші сыныбына қауіпсіздік жайында факультативтік сабақ өткізіп, өнеркәсіпте қауіпсіздіктің қатаң сақталатындығын айта өтті.
⠀☝️Себебі кейбір оқушылардың ата-аналары Дөң тау-кен байыту комбинатында еңбек етеді. Олар үшін бұл маңызды ақпарат. Оқушылар қауіпсіздік алдымен үйден басталатындығын түсініп, тақырыпқа сай сұрақтарға ойланбастан жауап беріп, ойларын ортаға салды.
⠀👨🚒Хромтау ауданы төтенше жағдайлар бөлімінің бас маманы Дамир Ахатов пен оның әріптесі, Хромтау ауданы № 20 өрт сөндіру бөлімі басшысының орынбасары, азаматтық қорғау капитаны Жасұлан Қажқайдар – акцияның басты қонақтары болды.
⠀👨🚒Төтеншеліктер білім алушыларға кәсіби жұмыстарының қызықтары мен оқиғаларын айтып, сақтық шараларын берік ұстануға шақырды.
⠀Содан соң оқушылар комбинаттың құтқару бекетіне саяхат жасап, ол жақтың жұмысымен танысты.
⠀Шара соңында балалар құтқарушылардың жұмыс орындарында «Сені үйде күтеміз!» деген жазуы бар жапсырмаларды естелікке қалдырып, бүгінгі күннің батырларымен суретке түсті.
Оқушы дауысы
№7 Хромтау мектеп-гимназиясында 7-қазаннан бастап “Оқушы Дауысы” жобасы жүзеге асырылды. Жоба барысында “Жас Ұлан” ұйымының мүшелері мектептегі білім сапасы, өткізіліп жатқан мәдени іс-шаралар бойынша өз ұсыныстарын жәшікке салу арқылы пікір білдіріп, мектептің жан-жақты дамуына өз үлестерін қосты. Жобаның ашылу рәсімінде мектеп директоры Культаева Эльмира Кайруллиновна жобаның мақсат-міндеттерін атап өтті. Жобаның Мақсаты:
- Оқушының оқыту мен оқу туралы пікірін ескере отырып, оқуды жақсарту;
- Оқушыдан кеңес алудың әдіс-тәсілдері бойынша мұғалімдерге арналған нұсқаулық әзірлеу;
- Мектептерде ашық және қауіпсіз диалог құрудың проблемалары мен мүмкіндіктерін анықтау.
Үстел тенисі
Білім беру ұйымдарының мұғалімдері арасында ұйымдастырылған спартакиадада “Үстел тенисі” сайысынан біздің мектеп-гимназиямыздың мұғалімдері жүлделі ІІІ орынды иеленді.
Спартакиада
Білім беру ұйымдарының мұғалімдері арасында ұйымдастырылған спартакиада “ВОЛЕЙБОЛ” сайысынан мектеп-гимназия мұғалімдері жүлделі ІІ орынды иеленді. Құттықтаймыз!