1. Кәсіби білім беру жұмысының жылдық жұмыс жоспары 2022-2023 оқу жылы

2. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің мамандықтары мен біліктіліктерінің сыныптауышын бекіту туралы 2018 жылғы 27 қыркүйектегі № 500 бұйрығы.

3. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлау бағыттарының сыныптауышын бекіту туралы 2018 жылғы 13 қазандағы № 569 бұйрығы.

4. АҚТӨБЕ ҚАЛАСЫНЫҢ НАЗАРБАЕВ ЗИЯТКЕРЛІК МЕКТЕБІ БІТІРУШІ СЫНЫПТАРҒА АРНАЛҒАН НҰСҚАУЛЫҚ  

5. Жаңа мамандықтар атласы

Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университеті

2023 жылғы 5 сәуір күні мектебімізге арнайы іссапармен кәсіби бағдар беру бағыты жұмысы бойынша Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университеті өкілі Абилова Жанат Максутовна келіп 9,10,11 сынып оқушыларымен кездесіп түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Университетке оқуға қабылдау, жаңадан ашылған ІТ медицина, әскери медицина мамандықтары бойынша тоқталып өтті. Университетте студенттердің білім алуы үшін жасалған жағдайлар жайында түсіндірді. Оқушылар тарапынан медицина саласы бойынша қойылған сұрақтарға жауап берді.
Сайт: www.zkmu.kz және инстаграм желісі ospanovzkmu_priem
Тел: 8 (7132) 54-48-15

Ақтөбе индустриалды-кәсіптік колледжі

Кәсіби бағдар беру бағыты бойынша бүгін мектебімізге Ақтөбе индустриалды-кәсіптік колледжі (бұрынғы Ақтөбе Мұнай және Газ колледжі) мамандары Каумбаева Ж.О, Танатов М.К, Алымова А.Н арнайы келіп 9,10,11 класс оқушыларымен кездесіп түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Колледжде негізгі білім беру базасында (9 кл) және жалпы орта білім беру базасында (11кл) оқуға қабылдау, мамандықтар туралы тоқталып өтті. Оқушыларды толғандырған сұрақтарға нақты жауаптар берілді.

М. Құсайынов атындағы Ақтөбе облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған лицей-интернаты

М. Құсайынов атындағы Ақтөбе облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған лицей-интернаты маманы Айтжанова Сәруар Орынбекқызы 4-5 класс оқушыларына емтиханға қабылдауға өтінім беру басталғандығын хабарлады. Құжаттар қабылдау 15 сәуірге дейін қабылданады. Тестілеу өткізілу формасы оффлайн. Тест 40 сұрақтан тұрады. Математика және логика-30 сұрақ, оқу сауаттылығы-10 сұрақ. Емтиханға қабылдауға өтінім беру үшін www.qabuldau.daryn.kz сайты арқылы жүзеге асырылады.

Қ. Жұбанов атындағы университеті

2023 жылғы 30 наурыз күні зумм платформасы арқылы Қ. Жұбанов атындағы университетінің қабылдау және кәсіби бағдар беру бөлімінің әдіскері Диляра кәсіби бағдар беру жұмыстары бойынша 11 класс оқушыларына түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Университет үшін жағымды жаңалық биылдан бастап шетелдік Heriot Watt университетіне қабылдау шарттары бойынша тоқталып өтті. Аталған университетке түсу үшін шетелге барудың қажеті жоқтығы, яғни Ақтөбе қаласындағы филиалына түсу мүмкіндіктеріне тоқталды. 11 класс оқушылары тарапынан қойылған сұрақтарға және аталған университет 3 түрлі мамандыққа (компьютерлік инженерия, геоинженерия, электроэнеигетика) дайындайтындығы туралы атап өтті.

   

Директор блогы  

   
© ALLROUNDER

Разработка и техподдержка сайтов в Хромтау ИП Петрова Л.Н. 8 702 548 48 09