11 сыныпқа арналған емтихан
01 маусым күні 11 сынып оқушылары "Қазақ тілі" пәні бойынша жазбаша мемлекеттік қорытынды емтихан тапсырды.
04 маусым күні математика пәні бойынша жазбаша мемлекеттік емтихан тапсырды.
07 маусым күні қазақстан тарихы пәні бойынша тест және жазбаша мемлекеттік емтихан тапсырды.
Комиссия мүшелері, пән мұғалімдері, оқушылардың қатысуымен облыстық білім басқармасынан жіберілген емтихан материалдары салынған қорап ашылды.Бірнеше нұсқада берілген тапсырмалар оқушыларға таратылып, оларға емтихан материалдарымен жұмыс жасау ережелері түсіндірілді.Емтихан өтетін аудитория барлық санитарлық талаптарға сай дайындалды.3 оқушы түлегіміз "Алтын белгі" иегері атағына және 2 оқушы түлегіміз "Үздік аттестатқа" үміткер.
9 сыныпқа арналған емтихан
28 мамыр күні 9 сынып оқушылары "Қазақ тілі" пәні бойынша жазбаша мемлекеттік қорытынды емтихан тапсырды.
02 маусым күні математика пәні бойынша жазбаша мемлекеттік емтихан тапсырды.
05 маусым күні орыс тілі пәні бойынша жазбаша мемлекеттік емтихан тапсырды.
Комиссия мүшелері, пән мұғалімдері, оқушылардың қатысуымен облыстық білім басқармасынан жіберілген емтихан материалдары салынған қорап ашылды. Бірнеше нұсқада берілген тапсырмалар оқушыларға таратылып, оларға емтихан материалдарымен жұмыс жасау ережелері түсіндірілді. Емтихан өтетін аудитория барлық санитарлық талаптарға сай дайындалды. 5 оқушы түлегіміз Үздік аттестатқа үміткер.
Мемлекеттік емтихан
Мектеп түлектерінің қорытынды аттестаттауы 28 мамырда басталады
🖌9 (10) сынып оқушыларының қорытынды бітіру емтихандары 2021 жылғы 28 мамыр мен 5 маусым аралығында өтеді. Олар қорытынды аттестаттауды үш пән бойынша тапсырады: оқыту тілі бойынша эссе нысанында жазбаша емтихан; математикадан (алгебрадан) жазбаша емтихан; өзге тілдерде оқитын сыныптарда қазақ тілі мен әдебиеті бойынша жазбаша емтихан және қазақ тілінде оқытатын сыныптардағы орыс тілі мен әдебиеті бойынша жазбаша емтихан.
🖌11 (12) сынып оқушыларының мемлекеттік бітіру емтихандары 2021 жылғы 1-10 маусым аралығында өтеді. Мектеп бітірушілер төрт пән бойынша емтихан тапсырады: оқыту тілі бойынша эссе нысанында жазбаша емтихан; алгебра және анализ бастамалары пәнінен жазбаша емтихан; Қазақстан тарихынан тестілеу; өзге тілдерде оқытатын мектептерде қазақ тілінен және қазақ тілінде оқытатын мектептерде орыс тілінен тестілеу.
📖2020-2021 оқу жылын 3,4 млн астам оқушы аяқтап жатыр. Олардың ішінде 150 мыңға жуығы — 11 (12) сынып түлектері, 270 мыңға жуығы — 9 сынып оқушылары.