2023 жылғы 31 мамыр күні №7 Хромтау мектеп-гимназиясының мәжіліс залында «Дарынды шәкірт-білікті ұстаздан» атты дарынды оқушыларды марапаттау кеші өткізілді.
Кездесу кешінде аудандық білім бөлімінің әдіскері Казиханова Бибигул Багитжановна және мектеп директоры Культаева Эльмира Кайруллиновна құттықтау сөз сөйледі.
Шара барысында «Достық-2023» кешенді олимпиадасының жүлдегері 5 класс оқушысы Мырзахан Айсұлтан Мирханұлы, Дарын ғылыми-жобалар зерттеулерінің облыстық кезеңінің II-орын иегері Айтуған Аяна Рустамқызы, III Республикалық «Мәшhүр-Жүсіп» оқуларының II-дәрежелі диплом иегері 9 класс оқушысы Нағашыбай Алина Арманқызы марапатталды.
Шара барысында оқушыларды пәндік олимпиадаларға, ғылыми-жоба байқауларға дайындаған жетекші мұғалімдер аудандық білім бөлімі басшысының Алғыс хатымен марапатталды.Мектепішілік, аудандық, облыстық, республикалық байқаулармен спорттық сайыстарға қатысып, жүлдегер атанған 140 білім алушы мектеп директорының арнайы дипломы және ата-анасына алғыс хат табысталды.Бейнежазбадан көре аласыз.
 
«Ақтөбе-Дарын» өңірлік ғылыми-тәжірибелік қосымша білім беру орталығының ұйымдастыруымен білім беру ұйымдары оқушыларының шығармашылық қабілеттерін дамыту мақсатында өткен Республикалық «Бояулар құпиясы» байқауының облыстық кезеңінде мектебіміздің 7 класс оқушысы Русланқызы Айда жүлделі ІІ-орын және 8 класс оқушысы Молдагулова Альбина сертификат иеленді. Жетекшісі көркем еңбек пәні мұғалімі Баярстанова Асылзат Сергазиевна. Жетістіктеріңіз құтты болсын 👍🏻👍🏻👍🏻 

Н.Блиев атындағы облыстық физика және математика пәндерінен олимпиада

"Ақтөбе-Дарын" өңірлік ғылыми-тәжірибелік қосымша білім беру орталығының ұйымдастыруымен 2023 жылғы 18 мамырда Ақтөбе қаласындағы Ұ.Құлымбетов атындағы №64 орта мектебі базасында 9 класс оқушылары арасындағы Н.Блиев атындағы облыстық физика және математика пәндерінен олимпиада өткізілді.Аталған олимпиадаға мектебімізден 9 класс оқушысы Қуандықова Сағыныш қатысып, байқау нәтижесі бойынша Мақтау қағазымен марапатталды.Оқушымызды облыстық кезеңде алған марапатымен құттықтаймыз.Жетекшісі физика пәні мұғалімі Бағланбаева Гулгул Маратбекқызы.

"Кең дала" атты облыстық олимпиадасы

 "Ақтөбе-Дарын" өңірлік ғылыми-тәжірибелік қосымша білім беру орталығының жоспары негізінде аудандық білім бөлімінің ұйымдастыруымен 2023 жылғы 18 мамырда №2Хромтау гимназиясы базасында жалпы білім беретін 6 класс оқушыларына арналған "Кең дала" атты облыстық олимпиадасының аудандық кезеңі өткізілді.Аталған олимпиадаға мектебімізден 6 класс оқушысы Алмас Тамирис қатыстырылды. Байқау қорытындысы бойынша жүлделі ІІ-орын иеленіп, 2023 жылғы 25 мамырда өтетін облыстық кезеңге жолдама алды.Облыстық кезеңге оқушымызға сәттілік тілейміз.Жетекшісі тарих пәні мұғалімі Биржанов Рустам Айтуганович.

«Бастау» Республикалық математикалық құрама топтық турнирі

«Ақтөбе-Дарын» өңірлік ғылыми-тәжірибелік қосымша білім беру орталығының жоспары негізінде аудандық білім бөлімінің ұйымдастыруымен 2023 жылғы 17 мамыр күні Дөң мектеп-гимназиясында 2-4 класс оқушылары арасындағы «Бастау» Республикалық математикалық құрама топтық турнирінің аудандық кезеңі өткізілді. Аудандық кезең 3 кезең бойынша өтті. Байқау нәтижесі бойынша оқушыларымыз Мақтау қағазымен марапатталды. Олар:
2 класс Нұржан Нұрасыл
3 класс Сабыржан Райяна
4 класс Жалғас Айым
Жетекшілері бастауыш сынып мұғалімдері Есмурзина Л.С, Исмагамбетова Ж.У, Ташигулова З.М.

«Мәшhүр-Жүсіп шығармалары және Ұлы даланың ұлы есімдері»

2023 жылғы 12 мамыр күні Павлодар қаласында 7-11 класс оқушылары арасында ІІІ Республикалық Мәшhүр-Жүсіп оқуларының республикалық кезеңі өткізілді. Мектебіміздің 10 класс оқушысы Нағашыбай Алина Арманқызы «Мәшhүр-Жүсіп шығармалары және Ұлы даланың ұлы есімдері» бағыты бойынша қатысып республикалық кезеңде жүлделі ІІ-орын иеленді. Республикалық кезеңде жүлдемен оралған оқушымызды жеңісімен құттықтаймыз. Жетекшісі қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Жанұзақова Торғын Зағитқызы.

Elbasy Medali tabystyn jeti bagyty

2021-2022 оқу жылында мектебіміздің 11 класс оқушысы Кабидуллаева Дайана Канатовна Elbasy Medali tabystyn jeti bagyty жобасының қола медаль және сертификат иегері атанды. Медаль нөмері 7959.

DAYANA

Elbasy Medali tabystyn jeti bagyty

2022-2023 оқу жылында мектебіміздің 9 класс оқушысы Мұздыбаев Әбей Айдосұлы Elbasy Medali tabystyn jeti bagyty жобасының қола медаль және сертификат иегері атанды. Медаль нөмері 9124.

ABEI

«Бастау» Республикалық турнирінің мектепішілік кезеңі

2023 жылғы 10 мамыр күні мектебімізде 2-4 класс оқушылары арасындағы «Бастау» Республикалық турнирінің мектепішілік кезеңі өткізілді. Оқушылардан 20 сұрақ математикадан логикалық тестілеу алынды. Байқау нәтижесі бойынша І-орын алған 3 оқушы аудандық кезеңге жолдама алды. Олар:
2 класс Нұржан Нұрасыл
3 класс Сабыржан Райяна
4 класс Жалғас Айым
Аудандық кезеңде оқушыларға сәттілік тілейміз.

Серғазы Баярстанов атындағы ІІ-ші аудандық олимпиада

2023 жылғы 14 сәуір күні аудандық білім бөлімінің ұйымдастыруымен 5-8 сынып оқушылары арасындағы математика пәнінен Серғазы Баярстанов атындағы ІІ-ші аудандық олимпиада Дөң мектеп-гимназиясы базасында өткізілді. Аталған байқауға мектебімізден 5 класс оқушысы Мырзахан Айсұлтан, 6 класс оқушысы Аманжолов Айсанат, 7 класс оқушысы Төлебай Назым, 8 класс оқушысы Самратқызы Гаухар қатыстырылды. Байқау нәтижесі бойынша 5 класс оқушысы Мырзахан Айсұлтан жүлделі ІІІ-орын, 6 класс оқушысы Аманжолов Айсанат Алғыс хатпен марапатталды. Жетекшілері математика пәні мұғалімі Искендирова С.К, Әлім А.Д.

«Жарқын болашақ»

«Ақтөбе-Дарын» өңірлік ғылыми-тәжірибелік қосымша білім беру орталығының хаты негізінде, аудандық білім бөлімінің ұйымдастыруымен №1 Хромтау орта мектебі базасында «Жарқын болашақ» республикалық қазақ тілі олимпиадасының аудандық кезеңі өткізілді. Байқаудың мақсаты мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту, қазақ халқының мәдени, әдеби және рухани қазыналарын кеңінен насихаттау, оқушылардың бойынан шығармашылық, ізденушілік қабілеттерін, мәдени дүниетанымын дамыту болып табылады. Аталған байқауға мектебіміздің 8 класс оқушылары Аманбай Асылай, Нуржигитов Алишер қатыстырылды. Байқау қорытындысы бойынша Аманбай Асылай «Жас қаламгер» номинациясы бойынша жүлделі ІІІ-орын, Нуржигитов Алишер «Білгірлер бәйгесі» номинациясы бойынша жүлделі ІІІ-орын иеленді. Жетекшісі қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Жанұзақова Торғын Зағитқызы.

«Мәшhүр-Жүсіп шығармалары және Ұлы даланың ұлы есімдері»

«Ақтөбе-Дарын» өңірлік ғылыми-тәжірибелік қосымша білім беру орталығының хаты негізінде, аудандық білім бөлімінің ұйымдастыруымен 2023 жылғы 12 сәуір күні 5 Хромтау гимназиясының базасында 7-11 класс оқушылары арасында Республикалық Мәшhүр-Жүсіп оқуларының аудандық кезеңі өткізілді. Мектебіміздің 9 класс оқушысы Нағашыбай Алина Арманқызы «Мәшhүр-Жүсіп шығармалары және Ұлы даланың ұлы есімдері» бағыты бойынша қатысып жүлделі І-орын иеленді. Облыстық кезеңге жолдама алды. Облыстық кезеңге сәттілік тілейміз. Жетекшісі қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Жанұзақова Торғын Зағитқызы.

daryn100

«Алтын сақа»

2023 жылғы 7 сәуір күні 3 Хромтау орта мектебі ғимаратында 3-4 класс оқушылары арасында математика пәнінен аудандық «Алтын сақа» олимпиадасы өтті. Аудандық кезеңде жүлделі 1-орын 3 класс оқушысы Маннап Райымбек (кл жетекшісі Айдана Изекешова), 2-орын 4 класс оқушысы Нұржан Амина (кл жетекшісі Ташигулова Зауре), 3-орын 4 класс оқушысы Жалғас Айым (кл жетекшісі Ташигулова Зауре), 3-орын 4 класс оқушысы Қоныс Айтқазы (кл жетекшісі Дуйсенбина Гульжайна) иеленді.Аудандық кезеңде жүлделі 1-орын иеленген 3 класс оқушысы Маннап Райымбек облыстық кезеңге жолдама алды. Жүлделі орынға ие болған оқушылар Хромтау қаласында орналасқан «Зерек» ақыл-ойды дамыту орталығына 30-40% жеңілдіктер сертификатына ие болды.

«Жыл үздігі»

Мектебіміздің 6 класс оқушысы оқу озаты, спорттық сайыстардың жеңімпазы Абилхасен Абдулазим 2023 жылғы 18 қаңтарыңда Қазақстан Республикасы «Everest» баспа үйінің куәлік N068 «Жыл үздігі» төс белгісімен марапатталып, шығармашылық жетістіктері баспа беттеріне жарияланды

daryn55

«Ақын халықтың жүрегінде»

Білім нұры қосымшасының бас редакторының ұйымдастыруымен Мұқағали Мақатаевтың туған күніне орай ұйымдастырылған «Ақын халықтың жүрегінде» атты VI республикалық шығармашылық байқауына қатысып, көркемсөз жанры бойынша І-орынға Егізбай Ерасыл, ІІ-орынға Сансызбай Айша, Сейлхан Сабина иеленді. Жетекшісі МАД тобы тәрбиешісі Нугманова Зинегуль Бекказиевна дипломмен марапатталды.

daryn54

«Жыл үздігі»

Мектебіміздің 8 класс оқушысы жас ақын, шығармашылық байқаулар жеңімпазы Тишбаев Ерасыл Мақсатұлы 2023 жылғы 20 наурызда Қазақстан Республикасы «Everest» баспа үйінің куәлік ✓064 «Жыл үздігі» төс белгісімен марапатталды.

daryn53

«Ақбота»

2023 жылғы 4-7 ақпан күндері «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен өткен жалпы білім беретін мектептерге арналған «Ақбота» зияткерлік олимпиадасына бастауыш сынып оқушылары қатыстырылып, І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдармен марапатталды. Жетекшілері бастауыш сынып мұғалімдері.

«Абай оқулары»

2023 жылғы 06 наурыз күні Ақберен республикалық танымдық- шығармашылық журналы ұйымдастырған Республикалық «Абай оқулары» конкурсына 50-ге жуық бастауыш сынып оқушылары қатысып, жүлделі дипломдармен марапатталды. Жетекшілері бастауыш сынып мұғалімдері Алғыс хатпен, Құрмет грамотасымен марапатталды.

«Қазақ халқының қол өнері»

2023 жылғы 21 наурыз күні Ұлыстың ұлы күні Наурыз мейрамына арналған тұжырымдамаға «Шеберлер күніне» сәйкес аудандық тарихи-өлкетану музейі ұйымдастырған «Қазақ халқының қол өнері» атты аудандық қолөнер шеберлері арасында өткен байқауда үш оқушымыз мақтау қағазымен, жетекшісі технология пәні мұғалімі Баярстанова Асылзат Сергазиевна жүлделі ІІІ-орын иеленді.

«Ақтөбе-Дарын»

«Ақтөбе-Дарын» өңірлік ғылыми-тәжірибелік қосымша білім беру орталығының ұйымдастыруымен 2023 жылғы 24 наурыз күні №7 Хромтау мектеп-гимназия базасында жалпы білім беретін орта мектептердің математика, жаратылыстану, орыс тілінде оқытатын мектептердегі орыс тілі мен әдебиеті, қазақ тілінде оқытатын мектептердегі қазақ тілі, ағылшын тілі пәндері бойынша 5-6 класс оқушылары арасында кешенді олимпиадасының аудандық кезеңі өтті.Кешенді олимпиада қорытындысы бойынша 5 класс оқушысы Самратұлы Нұрдәулет Алғыс хатпен, 6 класс оқушысы Қыдырбеков Дархан жүлделі ІІІ-орын иеленді.Жетекшілері Жанұзақова Т.З, Искендирова С.К, Жекеева А.Ш, Мусина А.Н, Бактыбаева Д.К, Бртаева Ж.К, Утегенова Г.У, Иванова Р.С.

Олимпиада қорытындысы

2023 жылғы 30 қаңтар мен 03 ақпан аралығында жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың екінші (аудандық) кезеңі №4 Хромтау орта мектебі базасында өткізілді.Олимпиада қорытындысы бойынша 9 класс оқушысы Қуандықова Сағыныш ІІ-орын (физика Бағланбаева Г.М) , 10 класс оқушысы Жақсыбек Бейбарыс ІІІ-орын (физика Бағланбаева Г.М), 11 класс оқушысы Дәулетбай Жанерке (физика Бағланбаева Г.М) Алғыс хатпен, 9 класс оқушысы Жиенбек Карина (математика Токсамбаева Қ.А) Алғыс хатпен, 9 класс оқушысы Мұхамбетәлі Нұрай (ағылшын тілі Утегенова Г.У) Алғыс хат , 10 класс оқушысы Жақсылық Дамира (ағылшын тілі Утегенова Г.У) Алғыс хат , 8 класс оқушысы Айтуған Аяна (қазақстан тарихы Биржанов Р.А) Алғыс хат, 11 класс оқушысы Жақсылықова Динара (биология Жекеева А.Ш) Алғыс хат, 11 клас оқушысы Кудайберген Меруерт (география Жаркимбаева З.С) Алғыс хат, 10 класс оқушысы Амангелді Даниал (информатика Бактыбаева Д.К) ІІІ-орын иеленді.

"Алтын дария"

2023 жылғы 18 ақпан күні аудандық "Кеншілер" мәдениет үйінде "Алтын дария" атты фестиваль байқауы өтті.Байқаудың мақсаты: өнер саласында жас дарынды, талантты балаларды анықтау.Аталған байқауға мектебімізден 4 класс оқушылары қатысып, жүлделі орындарға иеленді.Олар:Мәнерлеп жатқа өлең оқу бойынша І-орын Жалғас Айым, ІІ-орын Арингазина Аяулым, ІІ-орын Қыдырбек Бекзат, ІІІ-орын Нұржан Әмина. Жетекшісі бастауыш сынып мұғалімі Ташигулова З.М.daryn24

«Алтын сақа»

2023 жылғы 01 ақпан күні мектебімізде 3-4 класс оқушылары арасында «Алтын сақа» математикалық олимпиадасының мектепішік кезеңі өткізілді.Мектепішілік кезеңге 40-қа жуық оқушы қатыстырылып, жоғары ұпай жинаған 6 оқушы аудандық кезеңге жолдама алды.Олар:
3 класс бойынша
1.Маннап Райымбек
2.Мырзахан Әділжан
3.Шамғон Зере

4 класс бойынша
1.Қоныс Айтқазы
2.Жалғас Айым
3.Нұржан Әмина

Республикалық олимпиаданың екінші (аудандық) кезеңі

2023 жылғы 30 қаңтар мен 03 ақпан аралығында жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың екінші (аудандық) кезеңі №4 Хромтау орта мектебі базасында өткізілді.Олимпиада қорытындысы бойынша 9 класс оқушысы Жиенбек Карина (математика Токсамбаева Қ.А) Алғыс хатпен, 9 класс оқушысы Мұхамбетәлі Нұрай (ағылшын тілі Утегенова Г.У) Алғыс хат , 10 класс оқушысы Жақсылық Дамира (ағылшын тілі Утегенова Г.У) Алғыс хат , 8 класс оқушысы Айтуған Аяна (қазақстан тарихы Биржанов Р.А) Алғыс хат, 11 класс оқушысы Жақсылықова Динара (биология Жекеева А.Ш) Алғыс хат, 11 клас оқушысы Кудайберген Меруерт (география Жаркимбаева З.С) Алғыс хат, 10 класс оқушысы Амангелді Даниал (информатика Бактыбаева Д.К) ІІІ-орын иеленді.

Аудандық байқау

2023 жылдың 20 қаңтары күні №4 Хромтау орта мектебі ғимаратында 7-8 класс оқушылары арасындағы республикалық жасөспірімдер олимпиадасының аудандық кезеңі өткізілді. Аудандық байқау қорытындысы бойынша 8 класс оқушысы Жуваткан Мансур (информатика пәні) жүлделі ІІІ-орын, 7 класс оқушысы Жасағанберген Аман (математика пәні) жүлделі ІІІ-орын, 7 класс оқушысы Мырзахан Айсұлу (биология пәні) жүлделі ІІ-орын, 8 класс оқушысы Аманбай Асылай Алғыс хатпен (биология пәні), 8 класс оқушысы Қайырбай Темірлан (география пәні) Алғыс хатпен марапатталды.Оқушыларымызды жеңістерімен құттықтаймыз. Жетекшілері: Жекеева А.Ш, Мусина А.Н, Қамысбай А.Р, Бактыбаева Д.К, Махамбетов Қ.И.

Ақтөбе-Дарын

Ақтөбе-Дарын өңірлік ғылыми-тәжірибелік орталығының ұйымдастыруымен 2022 жылғы 21-22 желтоқсан аралығында №3Хромтау орта мектебі ғимаратында жалпы білім беретін 5-6 класс оқушылары арасында Республикалық олимпиаданың облыстық кезеңінде онлайн форматта мектебімізден қазақ тілі мен әдебиеті, ағылшын тілінен І-орын иеленіп облыстық кезеңге жолдама алған Самратұлы Нұрәдулет пен Сермағанбет Аяна қатысты.Байқау қорытындысы бойынша 5 класс оқушысы Самратұлы Нұрдәулет жүлделі ІІІ-орынға иеленді. Жетекшісі қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Жанұзақова Торғын Зағитқызы, ағылшын тілі пәні мұғалімі Утегенова Гаухар Урынбасаровна.

"Жаңа жылдық шырша-2023"

Ақтөбе-Дарын өңірлік ғылыми-тәжірибелік орталығының ұйымдастыруымен 2022 жылғы 14 желтоқсанда "Жаңа жылдық ойыншықтар" және "Жаңа жылдық шырша-2023" атты облыстық шығармашылық байқауына "Жыл басына таласқан хайуанаттар" бағыты бойынша оқушылардың жұмыстары қатыстырылды.Байқау қорытындысы бойынша 7-8 класс оқушылары Молдагулова Альбина, Мусина Аяна жүлделі ІІІ-орынға иеленіп, 10 оқушымыз (Аманбай Асылай, Асқар Іңкәр, Русланқызы Айда, Төлебай Инабат, Қаупбай Ақбота, Даулетбай Томирис, Алмас Тамирис, Бақытжан Гүлім,Мырзахан Айсұлу, Айтуған Нарқыз) жұмыстары бойынша мақтау қағазымен марапатталды.Жетекшісі технология пәні мұғалімі Баярстанова Асылзат Сергазиевна.

"Тәуелсіздік, елімнің тұмарысың"

Хромтау аудандық білім бөлімінің және №4Хромтау орта мектебінің ұйымдастыруымен 2022 жылғы 15 желтоқсанда №4 Хромтау орта мектебінде "Балалар жылы" аясында жергілікті Хромтау өңірінен шыққан ақын-жазушыларымыздың өмірі мен шығармашылығын кейінгі ұрпаққа кеңінен насихаттау, оқушылардың дарындылық қабілеттері мен таланттарын ашу мақсатында жалпы білім беретін 8-10 класс оқушылары арасында "Тәуелсіздік, елімнің тұмарысың" атты аудандық жазба ақындар мүшәйрасына мектебіміздің 8 класс оқушысы Тишбаев Ерасыл Мақсатұлы қатысып, жүлделі 2-орынға иеленді.Қызмет Нұралин атындағы 30 мың теңгелік сертификат иегері атанды. Жетекшісі қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Қалмұратов Жомарт Саматұлы.

"Ұлттық салт-дәстүр және әдет-ғұрыптар: кеше, бүгін, ертең"

Ақтөбе-Дарын өңірлік ғылыми-тәжірибелік орталығының ұйымдастыруымен 2022 жылғы 13 желтоқсанда ауыл балаларына арналған облыстық "Ұлттық салт-дәстүр және әдет-ғұрыптар: кеше, бүгін, ертең" атты сырттай шығармашылық байқауына мектебімізден 5 класс оқушысы Жақсылық Айдана "Ұлыстың Ұлы күні-Наурыз" номинациясы эссе байқауы бойынша қатысып, жүлделі ІІ-орын иеленді.Жетекшісі қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Жанұзақова Торғын Зағитқызы.

2023 жылғы 31 мамыр күні №7 Хромтау мектеп-гимназиясының мәжіліс залында «Дарынды шәкірт-білікті ұстаздан» атты дарынды оқушыларды марапаттау кеші өткізілді.
Кездесу кешінде аудандық білім бөлімінің әдіскері Казиханова Бибигул Багитжановна және мектеп директоры Культаева Эльмира Кайруллиновна құттықтау сөз сөйледі.
Шара барысында «Достық-2023» кешенді олимпиадасының жүлдегері 5 класс оқушысы Мырзахан Айсұлтан Мирханұлы, Дарын ғылыми-жобалар зерттеулерінің облыстық кезеңінің II-орын иегері Айтуған Аяна Рустамқызы, III Республикалық «Мәшhүр-Жүсіп» оқуларының II-дәрежелі диплом иегері 9 класс оқушысы Нағашыбай Алина Арманқызы марапатталды.
Шара барысында оқушыларды пәндік олимпиадаларға, ғылыми-жоба байқауларға дайындаған жетекші мұғалімдер аудандық білім бөлімі басшысының Алғыс хатымен марапатталды.Мектепішілік, аудандық, облыстық, республикалық байқаулармен спорттық сайыстарға қатысып, жүлдегер атанған 140 білім алушы мектеп директорының арнайы дипломы және ата-анасына алғыс хат табысталды.Бейнежазбадан көре аласыз.
 
«Ақтөбе-Дарын» өңірлік ғылыми-тәжірибелік қосымша білім беру орталығының ұйымдастыруымен білім беру ұйымдары оқушыларының шығармашылық қабілеттерін дамыту мақсатында өткен Республикалық «Бояулар құпиясы» байқауының облыстық кезеңінде мектебіміздің 7 класс оқушысы Русланқызы Айда жүлделі ІІ-орын және 8 класс оқушысы Молдагулова Альбина сертификат иеленді. Жетекшісі көркем еңбек пәні мұғалімі Баярстанова Асылзат Сергазиевна. Жетістіктеріңіз құтты болсын 👍🏻👍🏻👍🏻 

Республикалық олимпиада

Ақтөбе-Дарын өңірлік ғылыми-тәжірибелік орталығының ұйымдастыруымен 2022 жылғы 14 желтоқсанда №4Хромтау орта мектебі ғимаратында жалпы білім беретін 5-6 класс оқушылары арасында математика, жаратылыстану, қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілі мен әдебиеті, ағылшын тілі, Қазақстан тарихы пәндері бойынша республикалық олимпиаданың аудандық кезеңіне мектебімізден 12 оқушы қатыстырылды.Қазақ тілі мен әдебиеті, ағылшын тілінен 1-орын алған Самратұлы Нұрәдулет пен Сермағанбет Аянаға 2022 жылғы 21 желтоқсанда өтетін облыстық кезеңге сәттілік тілейміз.Жеңімпаз атанған Сермағанбет Аяулым, Мырзахан Айсұлтан, Алмас Тамирис, Әбілхасен Кәусар т.б оқушыларды құттықтаймыз.Жетекшісі Жанұзақова Торғын Зағитқызы, Утегенова Гаухар Урынбасаровна.

«Математика-ғажайып әлем»

2022 жылғы 30 қараша күні №1 Хромтау орта мектебінде «Математика-ғажайып әлем» атты ауылдық елді мекендердегі және аудандағы жалпы білім беретін мектептердегі 3-4 класс оқушыларына арналған облыстық қашықтықтан математикалық олимпиаданың облыстық кезеңінде мектебіміздің оқушылары Оралбекұлы Әлішер, Қоныс Айтқазы жүлделі 3-орынға иеленді. Жетекшілері бастауыш сынып мұғалімдері Есмурзина Лена Сериковна, Дуйсенбина Гульжайна Картпанбетовна.

"Балдәурен-Щучинск"

"Балдәурен-Щучинск" Республикалық оқу-сауықтыру орталығына мектебіміздің 6 класс оқушысы Мырзахан Айсұлу Мирханқызы 2022 жылғы 11 қараша-30 қараша аралығында "Инновацияға қадам" атты 14 ауысымына жіберілді.

"Үркер"

Білімқұмар балаларға арналған республикалық "Үркер" зияткерлік марафонының жүлдегерлері мектепалды даярлық тобының тәрбиеленушілері марапатталды.Жетекшісі Нугманова Зинегуль Бекказиевна.

«ТехноМедиа» компаниясы

11-сынып оқушыларын Ұлттық бірыңғай тестілеуге (ҰБТ) дайындауға қолдау көрсету мақсатында «ТехноМедиа» компаниясы 5-7 желтоқсан аралығында ҰБТ-ның жаңа 2023 жылғы форматы бойынша Testter.kz цифрлық білімді диагностикалау жүйесінің өнімін пайдалануға мүмкіндік берді. Науқанның мақсаты: олқылықтарды анықтау және Digitalmugalim.kz порталында олқылықтардың алдын алу жұмыстарын тиімді жүргізу.

"Артық білім кітапта"

Хромтау аудандық білім бөлімінің ұйымдастыруымен "Ұшқыр ой алаңы" қозғалысының және "Оқуға құштар мектеп" жобасының жұмыс жоспарына сәйкес 2022 жылғы желтоқсан айында Дөң мектеп-гимназиясы ғимаратында "Артық білім кітапта" атты аудандық ТЕdx байқауы өткізілді.Байқау нәтижесі бойынша мектебіміздің 11 класс оқушысы Құмар Ақбота Алғыс хатпен марапатталды.Жетекшісі Әлім Айсана Даурбекқызы.

 «Пони-бірінші сынып оқушыларының күзгі сайысы»

2022 жылғы 5 желтоқсан күні бастауыш 1-сынып оқушылары «Пони-бірінші сынып оқушыларының күзгі сайысы» атты зияткерлік байқауына 23 оқушы қатысып, сертификатталды. Жетекшісі бастауыш сынып мұғалімдері Жақсыбай Қ.С, Әлімжанова Ж.Ә.

«Ақылды бала»

2022 жылғы 29 қарашада №1 Хромтау орта мектебінде өткен «Ақылды бала» атты облыстық зияткерлік байқауының» аудандық іріктеу кезеңіне мектебіміздің мектепалды даярлық тобының тәрбиеленушілері Сансызбай Айша, Егізбай Ерасыл, Сейлхан Сабина, Жолаушыбай Мансұр, Есенбаева Нурия қатыстырылды. Байқау нәтижесі бойынша оқушыларымыз жүлделі 3- орынға иеленді. Жетекшісі мектепалды даярлық тобының тәрбиешісі Нугманова З.Б.

«Математика-ғажайып әлем»

«Ақтөбе-Дарын» өңірлік ғылыми-тәжірибелік қосымша білім беру орталығының хатына сәйкес 2022 жылғы 28 қараша күні 3Хромтау орта мектебінде аудандық білім бөлімінің ұйымдастыруымен «Математика-ғажайып әлем» атты ауылдық елді мекендердегі және аудандағы жалпы білім беретін мектептердегі 3-4 класс оқушыларына арналған облыстық математикалық олимпиаданың аудандық кезеңі өткізілді. Аудандық кезеңге мектебімізден Оралбекұлы Әлішер, Абдыкарым Мансур, Қоныс Айтқазы қатыстырылды. Байқау нәтижесі бойынша жүлделі 1-орынға 3 класс оқушысы Оралбекұлы Әлішер және 4 класс оқушысы Қоныс Айтқазы иеленіп, облыстық кезеңге жолдама алды. Жеңімпаз оқушылар мен жетекшілеріне облыстық кезеңге сәттілік тілейміз. Жетекшілері бастауыш сынып мұғалімдері Есмурзина Л.С, Ахметова А.А, Дуйсенбина Г. К.

«Алтын сақа»

«Ақтөбе-Дарын» өңірлік ғылыми-тәжірибелік қосымша білім беру орталығы және «Зерделі» ақыл-ой дамыту мектебінің ұйымдастыруымен 7Хромтау мектеп-гимназиясында 5-6 класс оқушылары арасында аудандық «Алтын сақа» олимпиадасы өткізілді. Байқау қорытындысы бойынша 5 класс оқушысы Мырзахан Айсұлтан 45 ұпай нәтижесімен облыстық кезеңге жолдама алды. Оқушымызға облыстық кезеңге сәттілік тілейміз. Жетекшісі математика пәні мұғалімі Әлім.А.Д.

Ғабит Орынбасарұлы Сұлтановты еске алу

«Ақтөбе-Дарын» өңірлік ғылыми-тәжірибелік қосымша білім беру орталығының хатына сәйкес аудандық білім бөлімінің ұйымдастыруымен Ғабит Орынбасарұлы Сұлтановты еске алу мақсатында 7-8 класс оқушыларына арналған облыстық математикалық олимпиадасының аудандық кезеңінде мектебіміздің 7 класс оқушысы Жасағанберген Аман жүлделі ІІІ-орын иеленді. Жетекшісі математика пәні мұғалімі Әлім.А.Д.

«Пони»

2022 жылғы 25 қазан күні 2-4 бастауыш сынып оқушыларына арналған «Пони» зияткерлік байқауына 34 оқушы қатысып сертификатталды.

«Алтын сақа»

2022 жылғы 26 қазан күні Республика көлемінде математика бойынша қабілетті балаларды анықтау, олимпиадалық резерв қалыптастыру, математика пәніне деген қызығушылықтарын қалыптастыру мақсатында 5-6 класс оқушылары арасында «Алтын сақа» математикалық олимпиадасының мектепішілік кезеңі өткізілді. Мектепішілік кезең қорытындысы бойынша жоғары нәтиже көрсетіп, аудандық кезеңге жолдама алған оқушылар:

5-сыныптар бойынша
1.Мырзахан Айсұлтан
2.Жақсылық Айдана
3.Серік Мұрагер

6-сыныптар бойынша
1.Алмас Томирис
2.Аманжолов Айсанат
3.Қыдырбеков Дархан

«Тағдырыңды тамырсыздық індетінен қалқала»

2022 жылғы 26 қазан күні аудандық орталықтандырылған кітапхананың ұйымдастыруымен Мұхтар Шахановтың 80 жылдық мерейтойына арналған «Тағдырыңды тамырсыздық індетінен қалқала» көркемсөз оқу шеберлерінің аудандық кезеңіне мектебіміздің 8 класс оқушысы Тишбаев Ерасыл Мақсатұлы қатысып жүлделі ІІІ-орын иеленді. Жетекшісі қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Қалмұратов Ж.С.

Республикалық лингвистикалық олимпиада

2022 жылғы 20 қазан күні аудандық білім бөлімінің ұйымдастыруымен № 1 Хромтау орта мектебі ғимаратында 8-11 сынып оқушылары арасындағы республикалық лингвистикалық олимпиаданың аудандық іріктеу кезеңі өткізілді. Мектебімізден қатысқан 8-11 сынып оқушылары Жаксыгулова Еркеназ І-орын, Жиенбекова Карина ІІ-орын, Жақсылық Дамира ІІІ-орын, Сәндіғали Сәнгүл ІІ-орын иеленді. Аудандық іріктеу кезеңде жүлделі орын алған оқушылар мен жетекшілерін құттықтай отырып, 2022 жылғы 10 қарашада облыстық кезеңге қатысатын 8 сынып оқушысы Жаксыгулова Еркеназға сәттілік тілейміз

«Қалалық жас туристер стансасы» «Туған өлкеге саяхат» 

2022 жылғы қазан айында Халықаралық педагогикалық шығармашылық пен ғылымның дамуын қолдау қоры қоғамдық қоры және «Қалалық жас туристер стансасы» МКҚК қолдауымен Ақтөбе қаласы, Шығармашылық академиясында «Туған өлкеге саяхат» облыстық байқауы өткізілді. Байқауға мектебіміздің 8 класс оқушыларынан құралған «Сармат» тобы қатысып «Сөнбес жұлдыздар» номинациясында жүлделі ІІІ-орын иеленді. Жетекшісі тарих пәнінің мұғалімі Биржанов Р.А.

«КІШКЕНТАЙ БІЛГІРЛЕР» ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫҚ ОЛИМПИАДАСЫНЫҢ АУДАНДЫҚ КЕЗЕҢІ ӨТТІ

2022 жылғы 21 қазан күні мектепішілік «Кішкентай білгірлер» байқауында «Барыс» тобы жүлделі І-орын алып аудандық кезеңге жолдама алған болатын.
2022 жылғы 31 қазан күні аудандық білім бөлімінің ұйымдастыруымен жалпы білім беретін мектептердің 4 класс оқушылары үшін «Кішкентай білгірлер» интеллектуалдық олимпиадасының аудандық кезеңі өтті. Аталған олимпиада ға ережеге сәйкес мектебіміздің «Барыс» тобы қатыстырылды. Байқау қорытындысына сәйкес «Барыс» тобы жүлделі ІІ-орын иеленді. Жетекшісі бастауыш сынып мұғалімі Дуйсенбина Г.К.

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БАЛАЛАР ОҚУЛАРЫ БАЙҚАУЫНЫҢ ОБЛЫСТЫҚ КЕЗЕҢІ ӨТКІЗІЛДІ

2022 жылғы 14 қазан күні «Ақтөбе-Дарын» өңірлік ғылыми-тәжірибелік қосымша білім беру орталығының ұйымдастыруымен облыстағы білім беретін мектептер арасында республикалық балалар оқулары байқауының облыстық кезеңінде мектебіміздің 4 сынып оқушысы Бекболатқызы Сәнім жүлделі ІІІ-орынға иеленді. Жетекшісі бастауыш сынып мұғалімі Дуйсенбина Гульжайна Картпанбетовнамен жүлдегер оқушымызды жеңістерімен құттықтаймыз.

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «АҚБЕРЕН» БАЙҚАУЫНЫҢ АУДАНДЫҚ КЕЗЕҢІ ӨТКІЗІЛДІ

2022 жылғы 12 қазан күні "№ 5 Хромтау гимназиясы" базасында «Ақтөбе-Дарын» өңірлік ғылыми-тәжірибелік қосымша білім беру орталығының хатына сәйкес аудандық білім бөлімінің ұйымдастыруымен аудандағы білім беретін мектептер арасында республикалық «Ақберен» байқауының аудандық кезеңі өткізілді. Аудандық кезеңінде мектебіміздің 8 сынып оқушысы Тишбаев Ерасыл «Ақындар мүшәйрасы» бағыты бойынша жүлделі ІІІ-орын иеленіп, 11 сынып оқушысы Жақсылық Мөлдір «Ұлттық аспапта ойнау» бағыты бойынша жүлделі ІІІ-орынға иеленді. Жетекшілері Қалмұратов Жомарт пен Биржанова Райса әріптестерімізді және жүлдегер оқушыларымызды жеңістерімен құттықтаймыз.

«Тарихи шежірем. Менің тегімнің тарихы»

2022 жылғы 4 қазан күні "№ 6 Хромтау гимназиясы" мәжіліс залында облыстық «Тарихи шежірем. Менің тегімнің тарихы» атты байқаудың аудандық іріктеу кезеңі өткізілді. Байқаубың мақсаты оқушылардың өз тарихи шежірелерін зерттеуге оны сақтауға тәрбиелеу және тарихты зерделеу үшін болып табылады. Байқау қорытындысына сәйкес 6 класс оқушысы Нұрболатқызы Кәусар ІІІ-орын, 5 класс оқушысы Сейтмагамбетов Қолганат алғыс хатпен марапатталды. Жетекшісі тарих пәнініңмұғалімі Биржанов Рустам Айтуганович.

«Жанды сабақ» туры бағдарламасы

2022 жылғы 28 қыркүйек күні «Жанды сабақ» турының бағдарламасы бойынша Ақтөбе қаласына тарихи, мәдени жәдігерлермен және спорттық кешендерді таныстыру мақстанда кезекті саяхат ұйымдастырылды.Мектебімізден Мергенова Айым, Ғалымжан Әділ, Маратов Ислам қатыстырылды. Оқушылардың рухани, шығармашылық дамуына, тарихи, мәдени құндылықтарымен жан-жақты танысуына арналған интеллектуалдық ойындар, эстафеталар өткізілді. Бұл саяхат таза ауада демалып, жаңа достар тауып қуанған балаларға ерекше көңіл күй сыйлады.

«Жетістікке жету өз қолыңда!»

"№7 Хромтау мектеп-гимназиясы" ғимаратында аудандық білім бөлімінің жылдық жұмыс жоспарына сәйкес, «Балалар жылы-2022» жобасы аясында дарынды оқушылармен «Жетістікке жету өз қолыңда!» атты кездесу кеші өткізілді.

Кездесу кешінде аудандық білім бөлімінің әдіскері Казиханова Бибігүл Багитжановна және мектеп директоры Культаева Эльмира Кайруллиновна құттықтау сөз сөйледі.

Шара барысында кездесу кешінің қонақтары республикалық пәндік олимпиада ІІІ жүлдегері, Қанипа Бітібаева атындағы республикалық олимпиадасының ІІ орын иегері 10 класс оқушысы Сәндіғали Сәнгүл, ІІ Республикалық «Мәшһүр-Жүсіп» оқуларының Бас жүлдегері 11 класс оқушысы Асылбекова Ақнұр, 5-6 класс оқушылары арасындағы республикалық пәндік олимпиаданың жүлдегері 5 класс оқушысы Алмас Тамирис ата-аналарымен қатыстырылды.

Шара барысында оқушыларды пәндік олимпиадаларға, ғылыми-жоба байқауларға дайындаған жетекші мұғалімдер «Құрмет грамотасымен» марапатталды. Аудандық, облыстық, республикалық байқауларда қатысып, жүлдегер атанған 80 білім алушы мектеп директорының арнайы дипломы және ата-анасына алғыс хатпен марапатталды.

«Тарих ата» республикалық қашықтық олимпиадасы

«Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы 2006 жылдан бастап, оқушылардың Қазақстан тарихына деген қызығушылығын арттыру, олардың өз бетімен жұмыс жасау дағдылары мен алған білімін қолдану, іскерлік қабілеттерін қалыптастыру және патриоттық сезімдерін жетілдіру мақсатында 5-9 сынып оқушылары арасында «Тарих ата» республикалық қашықтық олимпиадасына мектебімізден 75 оқушы қатыстырылды. Олимпиада нәтижесі бойынша І-дәрежелі диплом 2 оқушы, ІІ-дәрежелі диплом 1 оқушы, ІІІ-дәрежелі диплом 1 оқушы және 71 оқушы сертификат иеленді.Жетекшілері тарих пәнінің мұғалімдері Биржанов Р. А, Жетесов Н.А.

«Жеңіс ұрпақтары»

2022 жылғы 11-30 мамыр аралығында «Балдәурен-Түркістан» Республикалық оқу-сауықтыру орталығының «Жеңіс ұрпақтары» атты ауысымына қатысу үшін мектебімізден 7 класс оқушылары Тишбаев Ерасыл, Айтуған Аяна, 8 класс оқушысы Мергенова Айым қатыстырылды. 

Республикалық жасөспірімдер олимпиадасының І аудандық кезеңі

Републикалық «Дарын» ғылыми-тәжірибелік орталығының ұйымдастыруымен 2022 жылғы 05 сәуір күні №6 Хромтау гимназиясында жаратылыстану-математикалық бағыттағы (математика, биология, физика, химия, биология) 7-8 класс оқушылары арасында Республикалық жасөспірімдер олимпиадасының І аудандық кезеңіне офлайн түрде мектебімізден 10 оқушы қатыстырылды.Олар: Самратқызы Гаухар, Елеусіз Ерахмет, Наурзалин Арсен, Қайырбай Темірлан, Сисенбай Бексултан, Жиенбекова Карина, Арынгазина Динара, Жақсымұрат Нұртілек, Мергенова Айым, Шалғынбаев Саят.Жетекшілері: Жекеева А.Ш, Мусина А.Н, Бағланбаева Г.М, Қамысбай А.Р, Токсамбаева К.А, Кеңес Н.Ү, Жақсыкелдина Т.М, Бактыбаева Д.К.
Олимпиада нәтижесі бойынша Мергенова Айым жүлделі ІІ орын иеленіп, Қайырбай Темірлан мақтау қағазымен марапатталды.Жетекшілері биология пәні мұғалімдері Жекеева А.Ш, Мусина А.Н.

«Достық-2022» кешенді пәндік олимпиадасы

«Ақтөбе-Дарын» өңірлік ғылыми-тәжірибелік қосымша білім беру орталығының ұйымдастыруымен №6 Хромтау гимназиясында 5-6 сынып оқушылары арасында 2022 жылғы 04 мамырда математика-логика, қазақ тілі мен әдебиеті, ағылшын тілі, қазақстан тарихы пәндері бойынша өткен «Достық-2022» кешенді пәндік олимпиадасына мектебімізден Алмас Тамирис, Жасағанберген Аман қатыстырылды.Оқушылар 4 пән бойынша 100 сұраққа жауап беріп, әрбір дұрыс жауап 1 баллмен есептелді.Нәтижесінде 5 класс оқушысы Алмас Тамирис 58 ұпаймен мақтау қағазымен марапатталды.

«Кемеңгер» олимпиадасы

2022 жылғы 13 мамыр күні №4 Хромтау орта мектебі базасында дарынды оқушыларды анықтау, олардың білім деңгейлерін арттыру, қабілеттіліктерін дамыту және қолдау үшін жағдайлар жасау мақсатында 8 класс оқушылары арасында қазақ тілі мен әдебиеті, ағылшын тілі пәндері бойынша өткен облыстық «Кемеңгер» олимпиадасының аудандық кезеңіне мектебімізден Утегенова Айдана, Бозғұланов Мерей қатыстырылды. Олимпиада нәтижесі бойынша Бозғұланов Мерей ІІІ-орын иеленді.Жетекшісі қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Жанұзақова Т.З.

«Жемқорлықсыз болашақ»

2022 жылғы 16 мамырда мектебімізде дарынды оқушыларды қоғамдық-гуманитарлық ғылымдар саласында қолдау, сондай-ақ оқушылардың сыбайлас жемқорлықтың әртүрлі нысандары туралы көзқарасын, жемқорлыққа байланысты жағдаяттар туралы кешенді білімі мен құқықтық және моральдық-этикалық талапқа сай өзін ұстауын қалыптастыру мақсатында жалпы білім беретін мектептердің 9-10 класс оқушылары арасында өткен «Жемқорлықсыз болашақ» атты облыстық қашықтық олимпиадасының аудандық кезеңіне мектебімізден 9 класс оқушысы Қайырбай Еркебұлан, 10 класс оқушысы Кудайберген Меруерт қатыстырылды.Олимпиада нәтижесі бойынша екі оқушымызда жүлделі ІІІ-орын иеленді.

«Бас болып өнер білсең, тіпті жақсы»

2022 жылдың 13 мамыр күні Павлодар қаласында өткен ІІ республикалық «Мәшһүр-Жүсіп оқуларының» «Бас болып өнер білсең, тіпті жақсы» бағытында Ақтөбе облысының сапында қатысқан №7 Хромтау мектеп-гимназиясының 11 сынып оқушысы Асылбекова Ақнұр Телағысқызы (жетекшісі-Жанұзақова Т. З) бас жүлдеге иеленді. Дарынды оқушымызбен жетекшісін республикалық бәйгедегі жетістіктерімен құттықтаймыз!

«Бастау» аудандық олимпиадасы

2022 жылдың 13 мамыр күні Дөң мектеп-гимназиясында өткен «Бастау» аудандық олимпиадасына қатысқан №7 Хромтау мектеп-гимназиясының бастауыш сынып «Үш қыран» тобының оқушылары Сабыржан Райяна Жанатқызы, Арингазина Аяулым Танатовна, Ислам Әділет (жетекшісі-Укубаева Ы.З) жүлделі ІІ-орынға иеленді. Дарынды оқушыларымызбен жетекшісін аудандық бәйгедегі жетістіктерімен құттықтаймыз!

«Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда»

Республикалық Абай оқуларының аудандық кезеңіне «Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда» номинациясы бойынша 7 класс оқушысы Тишбаев Ерасыл Мақсатұлы қатысып, жүлделі 2 орынға иеленді. Жетекшісі қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Қалмұратов Ж.С.

«Достық-2022»

«Ақтөбе-Дарын» өңірлік ғылыми-тәжірибелік қосымша білім беру орталығының ұйымдастыруымен №6 Хромтау гимназиясында 5-6 сынып оқушылары арасында 2022 жылғы 04 мамырда математика-логика, қазақ тілі мен әдебиеті, ағылшын тілі, қазақстан тарихы пәндері бойынша өткен «Достық-2022» кешенді пәндік олимпиадасына мектебімізден Алмас Тамирис, Жасағанберген Аман қатыстырылды.Оқушылар 4 пән бойынша 100 сұраққа жауап беріп, әрбір дұрыс жауап 1 баллмен есептелді.Нәтижесінде 5 класс оқушысы Алмас Тамирис 58 ұпаймен мақтау қағазымен марапатталды.

Қанипа Бітібаева атындағы республикалық олимпиада

2022 жылдың 3-5 мамыр аралығында Өскемен қаласында өткен қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен дәстүрлі Қанипа Бітібаева атындағы республикалық олимпиадасынан Ақтөбе облысының сапында қатысқан №7 Хромтау мектеп-гимназиясының 10 сынып оқушысы Сәндіғали Сәнгүл Сәндіғалықызы (жетекшісі-Жанұзақова Т. З) жүлделі 🥈 ІІ орын иеленді. Дарынды оқушымызбен жетекшісін республикалық бәйгедегі жетістіктерімен құттықтаймыз! 

1d

Олимпиада жеңімпаздары марапатталды

«Кемел келешек кілті-білімде» атты ауданымыздың дарынды, өнерлі оқушыларының шеруі өтті. Салатанатты шараға аудан әкімінің орынбасары Мадьяр Қабыл қатысып, жүлдегерлерді құттықтап, ізгі тілектерін жеткізді.
Шара мемлекеттік Гимннің орындалуымен басталып, жалпы білім беретін пәндер бойынша пәндік олимпиада жайында бейнебаянды тамашалаумен жалғасты. Одан кейін жиналғандар назарына балалар музыка мектебінің домбырашылар оркестрінің орындауындағы «Көңілашар» күйі ұсынылып, марапаттау рәсімі бастау алды.
Жиында жалпы білім беретін пәндер бойынша мектебіміздің 16 оқушысы республикалық пәндік олимпиаданың аудандық, облыстық, республикалық кезендерінің жеңімпаздары, түрлі байқауларда жүлделі орындарды иеленіп жүрген мектебіміздің жас ақыны Тишбаев Ерасыл «Аудан дарыныдыларына арнау» өлеңін оқып марапатталды.Республикалық кезең бойынша жүлделі 3-орынға иеленген 10 класс оқушысы Сәндіғали Сәнгүл Сәндіғалықызы мен жетекшісі қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Жанұзақова Торғын Зағитқызы марапатталды.

«Жаманшын»

2021 жылдың 25 қыркүйек айында Ақтөбе облысы, Ырғыз ауданындағы «Жаманшын» бағытына ұйымдастырылатын турға мектебіміздің 9 класс оқушысы Сембайева Арай Сантайқызы және 11 класс оқушысы Кабидуллаева Дайана Канатовна қатыстырылды.

7

«Біз рәміздерді құрметтейміз»

Жалпы білім беретін мектеп оқушыларына арналған «Біз рәміздерді құрметтейміз» тақырыбындағы эссе байқауына Тишбаев Ерасыл Мақсатұлы, Серікқали Батыр Қайратұлы, Құдайберген Меруерт Уралбайқызы жұмыстары қатыстырылды.Нәтижесінде Тишбаев Ерасыл мен Құдайберген Меруерт мақтау қағазымен марапатталды.Жетекшілері: Шуиншалина Н және Қалмұратов Ж.С.

5    6

Пәндік олимпиада

2021-2022 оқу жылы бойынша 14-22 ақпан күндері аралығында республикалық пәндік олимпиаданың аудандық кезеңіне 12 пән бойынша 9-11 класс оқушылары арасынан 30 оқушы қатысты.

 

Республикалық пәндік олимпиаданың облыстық кезеңіне Сәндіғали Сәнгүл (қазақ тілі) пәнінен қатысты.Облыстық іріктеу екі кезеңнен 81 ұпай жинады.Нәтижесінде облыстық кезеңде ІІІ-орын иеленді.Жетекшісі қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Жанұзақова Т.З.

 

«Мәшһүр-Жүсіп» оқулары

2022 жылғы 24 наурыз күні 8-11 сынып оқушылары арасында өткізілген «Мәшһүр-Жүсіп» оқуларының аудандық кезеңіне мектебімізден 10 сынып оқушысы Жұмабек Аяулым және 11 сынып оқушысы Асылбекова Ақнұр қатыстырылды.Нәтижесінде Жұмабек Аяулым «Білімді зерек адам болам!»-десең, Қара өзіңді басқаның айнасымен эссе номинациясы бойынша мақтау қағазымен және Асылбекова Ақнұр «Бас болып өнер білсең, тіпті жақсы» ғылыми жоба номинациясы бойынша жүлделі 1-орынға иеленіп, облыстық кезеңге жолдама алды.Жетекшілері Жанұзақова Т.З, Жетесов Н.А.

"Қадыр Мырза Әли" оқулары

2022 жылғы 15 наурызда 6-11 сынып оқушылары арасында республкалық Қадыр оқуларының аудандық кезеңі 3 бағыт бойынша мектебімізден 3 оқушы (Тишбаев Ерасыл, Демесін Жазира, Жасағанберген Диас) қатыстырылды.Нәтижесінде «Қуып шығар қызыл сөзді ой кейін» жас дарындар конкурсы бойынша 7 сынып оқушысы Тишбаев Ерасыл 1-орын иеленіп, 25 наурызда өтетін облыстық кезеңге жолдама алды.С.Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасында республикалық Қадыр Мырза Әли оқуларының облыстық кезеңінде 3-орынға иеленді.Жетекшісі қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Қалмұратов Ж.С.

"Қуып шығар қызыл сөзді ой кейін"

2022 жылғы 15 наурызда аудандық білім беру ұйымдарының 6-11 сынып оқушылары арасында республикалық Қадыр оқуларының аудандық кезеңі өтті.Байқау 3 бағыт бойынша өткізілді.Мектебімізден 3 оқушы қатыстырылып, нәтижесінде "Қуып шығар қызыл сөзді ой кейін" жас дарындар конкурсы бойынша 7 сынып оқушысы Тишбаев Ерасыл Мақсатұлы 1-орын иеленіп, облыстық кезеңге жолдама алды.Облыстық кезеңде де жеңіспен оралуына сенім білдіреміз.

«Кішкентай білгірлер»

4 сынып оқушылары арасында өтетін «Кішкентай білгірлер» атты облыстық интеллектуалдық олимпиаданың аудандық кезеңіне Кадырбеков Дархан, Сағидуллаева Хадиша, Төлебай Асем, Алмас Томирис «Сұңқар» командасы болып топпен қатысып, 2-орынға ие болды.Жетекшілері бастауыш сынып мұғалімдері Укубаева Ы.З, Әлімжанова Ж.Ә.

«Туған елің-Қазақстанды жақсы білесің бе?»

5-7 класс оқушылары арасында «Туған елің-Қазақстанды жақсы білесің бе?» атты республикалық балалар оқуларының облыстық кезеңіне Жалғасбаева Камила, Аскарова Назерке, Төлебай Инабат, Молдагулова Альбина жолдама алып, ауа райының қолайсыздығына орай облыстық кезеңге қатыса алмады және мақтау қағаздарымен марапатталды.

Лингвистикалық олимпиада

8-10 кл оқушылары арасында өткен Лингвистикалық олимпиаданың аудандық кезеңіне мектебімізден 10 оқушы қатысып, 10 сынып оқушысы Сәндіғали Сәнгүл 3-орынға иеленіп, 11 сынып оқушысы Асылбекова Ақнұр мақтау қағазына ие болды. Жетекшісі: Қамысбай А.Р, Искендирова С.К.

«Елі еріне, ері еліне сенген ұлы тұлға»

2021 жылғы 24 қараша күні №3 Хромтау орта мектебі ғимаратында 9-11 сынып оқушылары арасында өткен 1 желтоқсан-Тұңғыш Президент күніне арналған «Елі еріне, ері еліне сенген ұлы тұлға» тақырыбындағы аудандық эссе байқауына мектебімізден оқушы қатысты. Олар: 9 сынып оқушысы Алтынбекқызы Назерке, 10 сынып оқушылары Құдайберген Меруерт, Құмар Ақбота және 11 сынып оқушысы Асылбекова Ақнұр.Нәтижесінде Құдайберген Меруерт 1-орын, Асылбекова Ақнұр 2-орын, Құмар Ақбота 3-орын иеленді.Жетекшілері Хамит Дана, Жанұзақова Торгын, Қалмуратов Жомарт.

«Алтын сақа»

2021 жылғы 22 қазан күні 5-6 сынып оқушылары арасында «Алтын сақа» аудандық математика пәнінен ұйымдастырылған олимпиадаға мектебімізден 6 оқушы (Қыдырбеков Дархан, Төлебай Инабат, Бикелді Диас, Жасағанберген Аман, Төлебай Назым, Жұмабек Ақкенже) қатыстырылды.Облыстық кезеңге 2021 жылғы 20 қараша күні 5 сынып оқушысы Бикелді Диаспен 6 сынып оқушысы Жасағанберген Аман қатысты

12

Олимпиада

5-6 класс оқушылары арасында өтетін республикалық олимпиаданың мектепішілік кезеңіне 32 оқушы қатыстырылып, аудандық іріктеу кезеңге 11 оқушы жолдама алды.Аудандық кезең бойынша 5 сынып оқушылары Жалғасбаева Камила (қазақ тілі мен әдебиеті), Ахметолла Нұршайым (орыс тілі), Алмас Томирис (қазақстан тарихы) бойынша облыстық кезеңге жолдама алса, Айтуған Дәулет 2-орын (ағылшын тілі Мурзатаева А.М), Мырзахан Айсұлу 2-орын (жаратылыстану Жекеева А.Ш), Жасағанберген Аман 3-орын (математика Қамысбай А.Р), Құтдықадам Марат 3-орын (қазақ тілі мен әдебиеті Шуиншалина Н), Сатаева Іңкәрайым 3-орын (орыс тілі мен әдебиеті Казмагамбетова А.С) Қаупбай Ақбота алғыс хат (ағылшын тілі Утегенова Г,У) 2021 жылғы 07 желтоқсан күні өткізілген облыстық кезең қорытындысы бойынша 5 сынып оқушысы Алмас Тамирис 3-орынға иеленді.
2021 жылғы 13 желтоқсан күні Ақтөбе қаласы, Кемел-Білім мектеп-лицейі базасында өткен республикалық кезеңге Алмас Тамирис қатысып жүлделі 2-орынға иеленді.Жетекшілері Биржанов Р.А, Казмагамбетова А.С, Жанұзақова Т.З.

   

Директор блогы  

   
© ALLROUNDER

Разработка и техподдержка сайтов в Хромтау ИП Петрова Л.Н. 8 702 548 48 09