Мектеп парламенті
1. "Жас Ұлан" бірыңғай балалар мен жасөспірімдер отырысының хаттамалары 2021 жыл
3. Мектеп сайлау комиссиясының 2022 жылғы шешімі
5. Республикалық бірыңғай "Жас Ұлан" балалар мен жасөспірімдер ұйымының жылдық жұмыс жоспары
6. Мектеп Президентіне үміткерлер
8. 2022-2023 оқу жылының І тоқсаны бойынша аға тәлімгерінің талдамасы
9. "Адал Ұрпақ" еріктілер клубының атқарылған іс-шаралары
10. "Адал Ұрпақ" еріктілер клубы отырысының №1 хаттамасы
11. "Адал Ұрпақ" еріктілер клубының мүшелерінің тізімі
12. "Адал Ұрпақ" ерікті мектеп клубын құру туралы бұйрық 05.09.2023
13. "Адал Ұрпақ" ерікті мектеп клубының жұмыс жоспары 2023-2024 оқу жылы
Мектеп парламенті
Аудандық ән байқауы
«Жас Қыран» ұйымының мүшелері Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай ұйымдастырылған аудандық ән байқауында 2 орынды иеленген 3а сынып білім алушысы Калиев Бексұлтан және 3 орын иеленген 4а сынып білім алушысы Демесін Аййкөркем.
Дұрыс тамақтану денсаулық кепілі
«Жас ұлан» балалар ұйымының жоспарына сай мектеп оқушылары “Дұрыс тамақтану денсаулық кепілі” тақырыбында қабырға газеттерін дайындады.
Еліміздің мақтанышы
«Жас ұлан» ұйымының мүшесі, №7 Хромтау мектеп-гимназиясының 7ә сынып білім алушысы, жас ақын Тишбаев Ерасыл "Еліміздің мақтанышы" атты жинағына енді.
«Жас Ұлан», «Жас Қыран» ұйымы мүшелерінің жаңа жылды отбасымен қарсы алу фото суреттері мектептің әлеуметтік желісіне жарияланды.
Қалниязова Нұргүл Сисенғалиқызымен сыр-сұхбат бағдарламасы
№7 Хромтау мектеп-гимназиясының "Жас ұлан" жастар ұйымы жаңа жыл мерекесі қарсаңында аудандық білім бөлімінің басшысы м.а Қалниязова Нұргүл Сисенғалиқызымен сыр-сұхбат бағдарламасы ұйымдастырды. Бағдарлама мақсаты - танымал тұлғалар мен кейінгі буын арасын байланыстыра отырып, оларды көрерменге жақын таныстыру.
Сыр-сұхбат барысында әдемі әңгіме өрбітіліп, түрлі сұрақтар қойылды. Бағдарлама соңында басты қонағымыз ел-халыққа жүрек жарды тілегін арнады.
«Жас ұлан», «Жас Қыран» ұйымының құрамына қабылдау
16 желтоқсан - ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай бүгін мектеп белсенділерін «Жас ұлан», «Жас Қыран» ұйымының құрамына қабылдау өткізілді.
Жас Ұлан» ұйымының негізгі мақсаты - оқушылардың қоғамдық, әлеуметтік, танымдық және шығармашылық қабілеттерін дамыту. Ал міндеттері - әлеуметтік тәжірибені байыту және дамыту, мектептегі тәрбиелік әлеуетін жүзеге асыру болып табылады.
Шара барысында «Жас ұлан», "Жас қыран" ұйымына қабылданушы оқушылар ант қабылдап, төс белгішелері мен галстуктар тағылды. Жиын соңында мекеп директоры Э.К.Культаева құттықтау сөз сөйлеп, егеменді еліміздің еңселі азаматтары болуларына тілектестігін білдірді.
Дебат турнирі
«Жас ұлан» жастар ұйымының ұйымдастыруымен Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күн аясында 10 сынып оқушылары арасында мектепшілік дебат турнирі өткізілді. Турнир мақсаты – жастардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы иммунитетін қалыптастыру.
Зорлық-зомбылықсыз 16 күн
25 қараша - Халықаралық әйелдерге зорлық-зомбылыққа қарсы күн аясында және "Зорлық-зомбылықсыз 16 күн" республикалық акциясына сәйкес ӘЗЗҚ инспекторы полиция капитаны Инкар Кемерова және Аудан әкімі жанындағы әйелдер істері, отбасылық-демографиялық комиссия хатшысы, бас маман Жеңісгүл Бошжановамен кездесу өткізілді.
Кездесу мақсаты зорлық-зомбылық деректерінің алдын алу болып табылады. Кездесу барысында мамандар тарапынан оқушыларға түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, пікір алмасты. Кездесу соңында оқушыларға ақпараттық жаднамалар таратылды.
Балалалық шақты бірге қорғайық!
2021 жылдың 15.11-19.11күндері аралығында жүргізілген мектепшілік "Бала құқығы-адам құқығы" апталығы аясында өткізілген "Балалалық шақты бірге қорғайық!"атты оқушылардың жетістіктері туралы челленджі ұйымдастырылды.
ҚҰҚЫҒЫМ БАР
2021 жылдың 15.11-19.11 күндері аралығында жүргізілген "Бала құқығы - адам құқығы" апталығы аясында "Құқығым бар" тақырыбында 9-сынып оқушылары арасында құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында дөңгелек үстел өткізілді.
КҮЗ ХАНШАЙЫМЫ МЕН КҮЗ ХАНЗАДАСЫ
Күз туралы балалардың дүниетанымындарын арттыру, күз мезгілінің қоршаған ортаға әсерін сезіндіру, күз ерекшеліктерін, күз сыйын ұғындыра отырып, балаларға мерекелік көңіл - күй сыйлау, әр баланың бойындағы қасиеттерін ойлау, әр түрлі жағдайлардан шыға білу, өнерін көрсету, тапқырлық, сахна мәдениетін қалыптастыру, ата салтын ардақтайтын, өз елін сүйер нағыз қазақ қызымен жігітінің қасиеттерін бойына сіңіре білер ұрпақты тәрбиелеу, жаттықтыру мақсатында №7 Хромтау мектеп-гимназиясында 8-10 сынып оқушылары арасында "Күз ханшайымы мен күз ханзадасы" атты байқау өткізілді.
Парламент мүшелері
Тұраров И.-Мектеп президенті |
Жұмабек А. - мектеп вице-президенті «Жас Ұлан» ұйымының Ұланбасы |
Дельманова Д.-мектеп вице-президенті |
Измагамбетов С.-Ұланбасы орынбасары |
Дәулетбай Ж.-оқу министрі |
Төлебай А.-оқу министрінің орынбасары |
Баймбетова А.-тазалық министрі |
Уали Қ.-тазалық министрінің орынбасары |
Айтуған Д.-тазалық министрінің орынбасары |
Болат И.-тәртіп министрі |
Мырзахан Д.-тәртіп министрінің орынбасары |
Дельманова К.-тәртіп министрінің орынбасары |
Өтебай Ж.-спорт министрі |
Құдайберген М.-спорт минитрінің орынбасары |
Құмар А.-старосталар төрайымы |
Досалин А.-мәдениет министрі
|
Сәндібек А.-мәдениет министрінің орынбасары |
Жасағанберген Д.-мәдениет министрінің орынбасары |
|
|