Құрметті ата-аналар, оқушылар 2022-2023 оқу жылына арналған №7 Хромтау мектеп-гимназиясының міндетті мектеп формасына қойылатын талаптарын назарларыңызға ұсынамыз. Мектеп формасы, қыз балалар үшін: классикалық үлгідегі ақ жейде, ұзындығы тізеден 5 см жоғары немесе төмен қара түсті белдемше; ер балалар үшін: классикалық үлгідегі ақ жейде, қара түсті классикалық үлгідегі шалбар. Ауа-райы суық мезгілдерде қара түсті пиджак немесе тоқылған кеудеше киюге болады. Спорттық форма: ақ түсті футболка және қара түсті трико, табаны ақ спорттық аяқ киім.

   
© ALLROUNDER

Разработка и техподдержка сайтов в Хромтау ИП Петрова Л.Н. 8 702 548 48 09