"Ғылыми жобаларға жүйелі дайындық жұмыстарын жүргізу" Ағымдағы жылғы қыркүйекте мектебімізде тарих пәні мұғалімі Биржанов Рустам Айтуганович қатысуымен "Ғылыми жобаларға жүйелі дайындық жұмыстарын жүргізу" тақырыбында семинар-практикум ұйымдастырылды Семинар-практикум мақсаты жалпы білім беретін пәндер бойынша ғылыми жобалардың ережеге сәйкес реттілікті сақтай отырып жазылу керектігі түсіндірілді. Семинар-практикум аясында тарих пәні мұғалімі Биржанов Рустам Айтуганович өзінің 2023 жылы Ақтөбе облыстық ғылыми-тәжірибелік орталығында баспадан шыққан іс-тәжірибесімен бөлісті.Ғылыми жобаларға тақырып таңдауда және ғылыми жаңалығы болуы тиіс екенін тілге тиек етті.Биылғы оқу жылында 2-7 класс оқушылары арасында өтетін "Зерде" ғылыми-жобалар байқауына қатысатын 6 класс оқушылары Жалғасы Айым және Арингазина Аяулым өз жобалары бойынша таныстырылым жасады.Семинар-практикум аясында қойылған сауалдарға жауап беріліп, іс-тәжірибе электрондық материалдары қатысқан әріптестерге жұмыста қолдану үшін таратылды . Тарих пәні мұғалімі Биржанов Рустам Айтугановичке шығармашылық ізденіс, толағай табыс тілейміз.
"Үздік бастауыш класс мұғалімі -2022" Аудандық байқауынан Дүйсенбина Гүлжайна Картпанбековна 2- орынды иеленді.
«Білім негізі - бастауышта» тақырыбында өткен бастауыш сынып бірлестігінің онкүндігі. Мақсаты:Білімнің басты құндылықтарын ұстана отырып, сапалы білім мен саналы тәрбие беру.
«Педагог мәртебесі-Білігі мен білімінде» тақырыбында өткен семинар-практикум.
Әдістемелік бірлестік отырысы
«Тиімді сабақ. Жоспарлау. Бақылау.»
«Тиімді сабақ. Жоспарлау. Бақылау.» ҚМЖ құру: оқу мақсаттары мен ҚБ тапсырмалары. Семинар мақсаты: Жас мамандарды пән мұғаліміне қажетті нормативтік құжаттармен таныстыру, оның ішінде қысқа мерзімді сабақты дұрыс жоспарлаудың жолдарын көрсету. Ұйымдастырушы: «Ізденіс» желілік қоғамдастығы. Үйлестіруші Жанұзақова Т.З.
ШЖМ МҰҒАЛІМДЕРІНЕ АРНАЛҒАН ОБЛЫСТЫҚ СЕМИНАР - ПРАКТИКУМ ӨТТІ.
2022 жылдың 14 сәуір күні жинақталған мектептердің мұғалімдеріне арналған "Жаратылыстану пәндерін оқытудағы интербелсенді әдістер" тақырыбында облыстық семинар-практикум өтті.
Шараға ресурстық орталықтардың және шағын жинақты мектеп директорларының орынбасарлары, пән мұғалімдері қатысты.
Шараның практикалық бөлімінде Хромтау ауданы, №7 Хромтау мектеп-гимназиясының математика пәні мұғалімі, п.ғ. магистрі, халықаралық ғылыми жобалардың жеңімпазы Қ.Токсамбаева "Жапондық көбейтудің алгоритмі" тақырыбында ғылыми жұмысты дайындау және қорғау алгоритімін көрсетті.
"Математика сабағындағы жаңа технологияларды қолдана отырып оқушының шығармашылығын дамыту" тақырыбында Хромтау ауданы, №7 Хромтау мектеп-гимназиясының педагог-сарапшы С.Искендирова және педагог-сарапшы А.Қамысбай коучинг өткізіп, қатысушылармен кері байланыс жасау арқылы тақырыптардың маңызды бағыттарымен бөлісті.
Тарих пәнінің мұғалімі, Педагог-зерттеуші, Биржанов Рустам Айтугановичке "Білім саласындағы жоғары нәтижелі еңбегі, педагогикалық шеберлігі" үшін облыстық кәсіподақ ұйымынан алған марапаты.