1 сыныпқа қабылдау
Хабарландыру
Қамқоршылық кеңесті құру туралы хабарландыру!
КММ «№7 Хромтау мектеп-гимназиясы» әкімшілігі Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 27 шілдедегі №355 бұйрығымен бекітілген қамқоршылық кеңестің құрылуы туралы хабарлайды. Осыған байланысты білім беру мекемесінің білім сапасын қамсыздандыру мақсатында материалдық-техникалық базасын дамыту үшін, қамқоршылық кеңестің құрамын сайлау және құрылымына қатысты кеңестер қабылдайтыны жайлы жариялайды.
Қамқоршылық кеңестің құрамына: жергілікті өкілдік, атқарушы және құқық қорғау органдарының өкілдері, коммерциялық емес ұйымдардың өкілдері, жұмыс берушілер мен әлеуметтік әріптестердің өкілдері шақырылады.
Құрметтіата-аналар! Біз қамқоршылық кеңестің құрамы жөнінде ұсыныстарыңызды күтеміз.
Ұсыныстарыңыз17.02.2023 ж. дейін қабылданады.
Мына мекен-жай телефонына хабарлассаңыздар болады.
Қабылдау бөлімі: 59-4-87
Мектеп директоры: Э.К.Культаева +77751971570
Мектеп менеджері: А.Б.Байдуллаева
Мектеп формасы
Құрметті ата-аналар, оқушылар 2022-2023 оқу жылына арналған №7 Хромтау мектеп-гимназиясының міндетті мектеп формасына қойылатын талаптарын назарларыңызға ұсынамыз. Мектеп формасы, қыз балалар үшін: классикалық үлгідегі ақ жейде, ұзындығы тізеден 5 см жоғары немесе төмен қара түсті белдемше; ер балалар үшін: классикалық үлгідегі ақ жейде, қара түсті классикалық үлгідегі шалбар. Ауа-райы суық мезгілдерде қара түсті пиджак немесе тоқылған кеудеше киюге болады. Спорттық форма: ақ түсті футболка және қара түсті трико, табаны ақ спорттық аяқ киім.
Пайдалы сілтемелер
Қазақ тілін оқуға арналған порталдар:
Тілдік сауаттылықты арттыруға бағытталған сайттар:
Ел тұрғындары мен мемлекеттік қызметшілерге құжаттарды сауатты толтыру бойынша үлгілік сайт:
Қазақ тілін латын графикасына көшіру барысын сүйемелдейтін сайт:
Ономастикалық атаулар жинақталған сайт:
Мемлекеттік тіл саясатының іске асырылу барысынан хабардар ететін сайт: